Өз бетінше ата-аналар баланың тілін қалай дамыта алады?
блог
«3 жастағы бала өз ойын еркін жеткізе алмайды»
Қазіргі таңда өз ойын еркін жеткізе алатын үш жастағы баланы кездестіру өте қиын. Негізі бұл баланың ата-анасына байланысты. Себебі кейбір ата-аналар үш жастағы баласының тілінің шықпауына аса назар аудармайды. Олар баласының тілі өздігінен 5 жасында шығады деп кәміл сенеді, ол дұрыс емес. Бірақ, кейбір ата-аналар баланың өмірінің бірінші күнінен бастап нәрестенің ұсақ моторикасын дамытып, баласымен бірге саусақ жаттығуларын істейді.
«Баланың тілі 1 жасқа дейін шықпаса, алаңдаған жөн»
Баланың тіл шығу мәселесінде диагностика баға жетпес тәсіл. Баланың бірінші туған күніне дейін тілінің дамуында қиындықтар бар екенін түсінуге болады. Егер осы жасында бала алғашқы сөздерін айта алмаса, онда мамандардың көмегіне жүгінген жөн.
«Ұлдардан қарағанда қыздардың тілі тез шығады»
Ұлдар қыздарға қарағанда кейінірек сөйлей бастайды деген пікір бар. Бірақ бұл мәлімдеменің нақты дәлелі жоқ. Менің статистикама сүйінсек, өткен жылы кабинетімде кішкентай қонақтардың арасында 28 ұл және 11 қыз болды. Негізі тіл дамыту нормалары барлығына бірдей. Мен маман ретінде баламен жұмыс жоспарын құрған кезде баланың жынысына мән бермеймін.
«Бала уақытында сөйлеу үшін ата-анаға ең алдымен не істеу керек?»
Баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап баламен тығыс байланыста болу керек. Баланың эмоциясы мен сезіміне назар аударыңыз – бұл да қарым-қатынас. Баланың сізбен диалогында, бала өзің маңызды қатысушы ретінде сезінуге мүмкіндік беріңіз. Балаға ертегілер мен өлеңдер оқыңыз. Бесік жырын айтыңыз, үлкейген соң, көп әңгімелесіңіз. Балалар рифмалық сөйлеуді жақсы есте сақтайды, әсіресе оны күн сайын естігенде. Балаңызға сұрақтар қойыңыз.Балаға оны қоршап отырған барлық дүниелер туралы баяндап беріңіз.Есіңізде болсын, кішкентай тыңдаушы сіздің баяндаған әңгімеңізді түсіну үшін, сіздің сөзіңіз анық және түсінікті болуы керек. Сөйлеу дамуы –табиғаттың бізге енгізген үрдісі. Осы үрдіс асқынусыз және кідіріссіз өтуі тиіс.
«Баланың тілінің ерте шығуына не кедергі келтіруі мүмкін?»
Бірінші фактор - бұл жүктілік кезінде немесе өмірдің бірінші жылында анықталған даму ерекшеліктері.
Екінші фактор - сөйлеу ортасы. Мысалы, анасы өте көп және тез сөйлейді, бұл жағдайда бала жеке сөздерді ажыратпайды және әңгімеге араласудың қажетін сезбейді. Немесе тағы бір мысал: анасы көбінесе үндемейді, сондықтан бала анасының сол мінез-құлқына сүйенеді. Сөйлеудің қалыпты дамуына кедергі келтіретін сөйлеу ортасының көптеген нұсқалары болуы мүмкін.
«Гаджеттер баланың тілінің кеш шығуына әсер ете ме?»
Мультфильмдер мен қосымшалар бағытына қарай әртүрлі болады. Біреулері баланың дамуына көмектессе, басқалары дамуына кері әсерін тигізеді.
Баланың мультфильм көру барысында көз алдында жарқын, қызықты суреттер жиі ауыстырылып отырады, сосын қатты дыбыстар мен сөздердің күрделі тіркестер бар. Көп ата-аналар мультфильм арқылы баланың сөйлеуі дамиды деп ойлайды,бірақ ол ата-аналар қателеседі. Мультфильм арқылы баланың тілінің дамуы екі талай. Керісінше, бала шатасады.
«Өз бетіңше ата-аналар баланың тілін қалай дамыта алады?»
Пайдалы ақпаратқа толы және жақсылыққа баурайтын қосымшалар мен мультфильмдер жетерлік. Мультфильмдер мен қосымшалар - балаға түсінікті сөздермен дыбысталып және айқын суреттермен бейнеленсе, сондай мультфильмдер мен қосымшалар баланың дамуына септігін тигізеді.
«Баланың сөйлеу дамуына тұқым қуалайтын факторлар әсер ете ме?»
Егер баланың ата-анасының біреуінде бала кезінде тілінің шығуымен қиындықтар болса, баланың тіл дамуына ешқандай әсер етпейді. Бірақ, сонда да баланың сөйлеу дамуының нормаларын бақылау керек.
«Балалармен жұмыс істеу барысында қандай әдістерді қолдану керек?»
Баланың сөйлеу кідірісі туған жағдайда, мен ең бірінші баланың тілін қалыптастыратын барлық қабылданған әдістер мен тәсілдерді қолданамын. Менің авторлық әдісімнің ең басты айырмашылығы – мен интеграция мен қарым-қатынасқа ерекше назар аударамын.
Мен тілді қалыптастыру үшін кешенді түрде жұмыс істеймін. Бұған - есту қабілетін дамыту, артикуляциялық гимнастика, сөздік қорын жинақтау, буын құрылымын қалыптастыру және фразалық сөйлеу жұмыстары кіреді.
«Қандай қоңыраулар баланың сөйлеу дамуында проблемалар бар екенін көрсетеді?»
Ата-ананы баланың сөйлеу дамуында қиындықтардың бар екендігі туралы ескертетін алғашқы "қоңырауларды" 1,5 жылдан кейін байқауға болады. Осы жасқа қарай баланың сөздігінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау үшін шамамен 25-30 сөз болуы керек. Ал екі жасында бала екі сөзден тұратын қарапайым сөйлемдер құрастыра білуі керек.
Екі жарым жасында баланың сөйлеуі тек ата-анасына ғана емес, сонымен қатар бейтаныс адамдарға да түсінікті болуы қажет. Осы нормалар бойынша баланың тілі шықпаса, ата-ана дер кезінде кәсіби маманға жүгіну керек. Ата-ананың тарапынан баланың сөйлеу дамуына бейжай қаралып, дұрыс ем-шаралар жүзеге аспаса, баланың тіл шықпауының позициясы күшейіп, мектепке дейінгі жаста бұл кідіріс бала үшін айқын проблемаға айналады, сосын оны шешуге өте көп уақыт пен күш жұмсалады.
«Қоғамда логопед - бұл "дыбыстарды шығаратын" маман деген пікір бар»
Бірақ бұл олай емес. Логопед тілдің бүкіл жүйесімен жұмыс істейді: лексика, грамматика, дыбысты айту, дәйекті сөйлеу, қарым-қатынас дағдылары. Жүйенің барлық осы қателіктерімен, мен жұмыс істеймін.
Тәжірибе барысында мен сөйлеу қиындықтарының көпшілігі ерте жастан басталатынын түсіндім. Сондықтан, соңғы 5 жыл ішінде мен 1,5—3 жасқа дейін өз бетінше сөйлей алмайтын балалармен жұмыс істеуге мамандандым.