***
Бұныкі де дұрыс емес, енді! «Осы ойынды қалаған өзі ғой?»деп өз-өзін ақтағандай болады.Бірақ бұл бер жағы ғана. Ойынға бір кірсең одан тысқары шығудың қиындығын бұл сезіппе еді сонда, сезсе өстер ме еді?! Қалай басталып еді өзі?
***
Ол кезде кешкі күзетшілікте істейтін. Оқудың ақшасын төлеудің қамы.Сол күні кешқұрым түнгі кезекшілігін қабылдап алып, өткен-кеткендерге көз тастап, шағып тұрған шемішкесін шірене лақтырып тұрған. Іші пысып тұрған бұл, анадайда аяқтарын еріне басып келе жатқан 4-5 қызды көрген. Жалпы, өзінің осал тұсы осы қыздар екенін білетін жігітіміз. Бірақ, Аллаға аян, қыздарға деген еш арамдық ойларға бармаушы еді. Ал, мына қыздардың жүрістері мен күлкілерінің өзі-ақ, олардың осы жүрістерінің еш мәні жоқтығын аңғартып-ақ тұр. Бұл қатарласа берген қыздармен амандасып, олардан шемішкесін шағысып жіберуін өтінді. Қыздардың ҚарМУ-да оқитынын да сұрап біліп алды. Олар да өз кезектерінде мұны сырттай танитындарын, ҚарМУ шаңырағында өтіп тұратын жыр кештерінен көргендерін айтып қалды
***
Ертесіне кешке жігіт жанына жолдасын ертіп, кеше ғана мекен-жайын алған кірпіш үйдің көздеулі подъезінің алдына келді. Келісілгендей қыздардың аттарын атап, бір-екі рет ысқырыпта алды. Екінші қабаттағы көк терезе ашылып, одан Гүлнұр бұларға қарап жымиып, өздерінің 1-2 минөтте шығатындарын айтты. -Айбек, мына қыздың саған деген көзқарасы жылы ма деп қалдым-деп Жандос бұны бүйірден түртіп өтті. -Оны уақыт көрсетер, кеше ғана ол қыздың жігітім бар деп отырғаны. Жігіттер әр-ненің басын шатып отырғанда, қыздарда шықты құлпырып. Сөйтіп 3 қыз,2 жігіттен құрылған топ, кешкі Майқұдық көшелерінің біріне түсіп, бір-бірімен одан әрі жақынырақ таныса түсті. Бір бұрыштағы кафеге кіріп, аздап салқын су ішіп шыққанда, олар бір-бірін бұрыннан білетіндей сыр алысып қалған. Қыздарды үйлеріне әкелген олар, есік алдында тағы біраз әңгімелесіп отырып қалды.қыздардың өтініші бойынша екеуі кезектесіп өлеңдерін оқыды. Майқұдықтың мұң басқан аспаны, махаббат жайлы жырлардың тыңдаушыларын еріксіз ойға жетелегендей ме қалай?
***
Айбек үй қапырық болған соң балконға шықты. Жарты аспанның жұлдыздары жымың-жымың етеді. әнебір жұлдыз бұған тілін шығарғандай ма қалай өзі? Ол қыздармен өткен әңгімені еске алды.
Жандос пен Бақытгүл артта келе жатты. өзі Гүлнұр мен Саяның ортасында, екеуіне кезек әзіл тастап келе жатқан. әңгіме қыз бен жігіт тақырыбына ауысты. Сөзден сөз шығып Гүлнұр «Егер кәзіргі жігіті өзін тастап кетсе, Айбекпен жүре салам» деп айтып салды. Айбек жүрегіне біреу біз сұғып алғандай күйге түсті. Сонда қалай, әншейінде жігіттерді кінәлап шыға келетін қыздар, өздерінің осы қылықтарына не дейді екен? Әрине бес саусақ бірдей емес, жігіттерде де бар қателік және тап сондай қателікті қыздардан да табуға болады. Гүлнұрдың бұнысы несі? Ойыны ма? Ойындағысын айтып қалды не де болса. Ойын Сая бөліп жіберді:
-Гүлнұр, Айбек саған ойыншық емес қой және де күйігіңді олай басуға болмас-деп жазғыра және сұраулы кейіппен қарады. Бұл сөзге Гүлнұр жауап бермеуді жөн көрген сыңайлы. Айбек өз ойымен әлек. «Бұл қызға ойын керек екен, онда ойнаймыз! Тек мен өзімдік ережелерімді енгізем!». Осы ойға бекіген ол, қыздармен қоштасып, Жандосқа қайту керек екенін білдірді. Екеуі бір-біріне жақ ашпай, Айбектікіне келіп төсекке құлаған…
Айбек балкон есігін жауып төсегіне келді. Досы тәтті ұйқы құшағында. Жігіт әрі-бері дөңбекшіп, таң қылаң бере көз ілді-ау әйтеуір.
***
Айбек күзет бөлмесінің есігін айқара ашып, сырттағы жауынға сүйсіне қарап тұрған. Қасындағы екі серігіне бәрібір. Қайдан білсін екеуі бұның жаңбырға ғашықтығын…
Жаңбыр тамшылары түн қараңғылығын прожектор жарығының тұсына келгенде тіліп түскендей, жылт-жылт ете қалады.Жаз жаңбырының тамшылары жеңіл болады-ау деп ойлады жігіт, жерге түскен соң да бір-екі аунап алған тамшыларға қарап.
Ойын жүзін жауыннан жартылай қорғап келе жатқан қыз бұзды. Қалай байқамаған, су тиген киімдері денеге жабысқанда қыз шіркіндерің әдеміленіп кетеді екен-ау…
Қыз жанына тақалып:
-Айбек, жұмыста тұрсың ба ?-деп сұрады.
Жігіт күліп жібере жаздады, әлде бұның тұрысы тамшы санаған есуас жанды елестете ме екен?
-Иә, көріп тұрғаныңдағыдай…
-Екеуміз сөйлессек…
— -Саядан естідім, сенің өмір туралы көзқарасың жалпы түсінігің өзгеше екен. Сені Сая меннен жақсы біледі ғой. Алғаш танысқанымызда да екеуің көп сөйлесіп едіңдер.
-Сая екеуміздің ойымыз көбіне бір жерден тоғысып жатады.
-Былайырақ барсақ қалай болады?-Гүлнұрдың су тиген шашы сұраулы жүзіне жараса жабысқандай. Айбекте қасарыса беруді жөн санамады, серіктерінен сұранып, Гүлнұрға ерді.
***
Қыз өзінің бар сырын ашып келе жатпағанына Айбек сенімді еді. Ойына өлең жолдары келе кетті:
Әй, жігіттер!
Біз қыз әлемін аша алмаймыз
Есіңе алшы,
Саған бар сырын айтып па еді,
Қашан, қай қыз?
Қыз деген қырық әлемді қылықтылар,
Біз соның бесіншісінен аса алмаймыз
Қыз деген тұнық аспан
Жұлдыздар жымыңдасқан
Жұлдызды көріппе едің
Жердегі жігітке сырын ашқан?
Екеуіне де оңай тимес ойынның басталып кеткенін екеуіде сезбеді. Сезсе де шегінбеді ме, әлде?
***
Сол күні тұңғыш рет қыздың үйінде қонып қалды. Жо-жоқ, бұл жерде бөтен ой тумасын. Үйде Гүлнұрдың сіңлісі Гүлжайна, құрбысы Сәния бар екен. төртеі аздап карта ойнады. Қыздар шетінен гитарада жақсы ойнайды екен. Сезімге бай Шәмші әндерін, кейінгі кезде жастар жүрегінен орын алған әндерді орындады. Айбек ондай өнері болмаған соң өлең оқып құтылғандай болды қыздардың қыспағынан.
***
-Сенің бұрынғы қыздарың әдемі ме?
-Әр қыздың өзіндік әдемілігі болады.
-Сен мені сүймейсің ғой?
-Сүйемін деп өтірік айта алмаймын. Сезімім Айнұрмен бірге Астанаға кеткен…
-Ал, Айнұр келсе ше?
« Шындында да солай болса… Онда мен бұл жерде бір минөтте отырмас едім. Бірақ ол келмейді ғой…»
-Келседе сезіміміздің келуі екі талай. Оны қатты сүйгенмін. Ондай сезім менде енді бола ма, белгісіз?
-Сен маған үйленер ме едің?
-Әйтеуір бір сенбіде үйленерім анық.
Тура жауаптан қашқан жалтарма жауап. Не үшін өйтті? Айбек орнынан тұрып, керіліп алды. Сосын қыздың қолынан тартып тұрғызды. Қыз қарсылықсыз келіп құшағына енді. Айбек неге екенін қыз ернінен сүйгенді ұната қоймайтын. Бұл жолыда сол әдетіне басып, қыздың шашынан иіскеді. Екеуі түнгі дүкеннен балмұздақ алды. Майқұдық аспаны күндегіден гөрі жұлдызға бай, ал жұлдыздар бұларға «сырларың белгілі» дегендей жымыңдай қарады.
***
Жынданбай қайтесің кенді. Жындану аз ба деп қалды Айбек.
Кешкі асты іше бергені сол еді, қара телефон безілдей жөнелді. Трубканың ар жағындағы қыз дауысын жазбай таныды. Гүлнұр бұны құрбысы екеуінің күтіп тұрғанын айтып, келуін өтінді. Айтулы жерге келген соң, екеуі бұған Гүлнұрдың анасының келгенін, сол кісімен танысуы керектігін жабыла түсіндіруде. әуелде ойын деп ұққанымен, шын екеніне көзі жеткенде Айбек қарсылық білдірді. Сәниядан екеуін оңаша қалдыруын өтінді.
-Иә, бұны қалай түсінсек екен?
-Айыбым анаммен таныстырмақ болғаным ба?
-Не деген ат үсті шешім. Біз әлі бір-біріміздің кім екенімізді де білмейміз десекте болады.
— Бара салсаң қайтеді, анаман ұят болатын болды.
-Алдын ала неге ойламадың ұятын?! Енді көтере біл ұятын.
— Не болды сонша ашуланып…
— Ашуланбағанда, ертең сенімен үй болсам, сыртымнан шешіп қойып отырмақсысың ба? Көзіме көрінбеш, боссың!
Айбек жұмыс орнына соғып, жігіттермен біраз отырды. Қайтуға бет алып жүре бергені сол еді, алдынан Гүлнұр шықты.
-Бара салшы енді, бармасаң…
-Бармасам не болады?
— Онда мені басқа біреуге күйеге беріп жібереді. Қалада жігітім барын білсе, анам әкеме қарсы шығар…Әлде, мәселе менің оралмандығымда ма?
-Жоқ, егер сені көңілім қалап тұрса оңбаған болсаң да алар ем, өзіңде білесің ғой, екеуміз бір-бірімізді сүймейміз ғой. Және де сен мені ана жігітке қарсы қару ретінде пайдаланып тұрсың.
-Жарайды, оның рас. Менің ана жігітке күйеуге тигім келмейді. Сен анаммен таныс, содан соң менімен кездеспей-ақ кетуіңе болады.
Сол күні Айбек қыздың шешесімен танысып қайтты.
***
Айбек Асылзаттың даусынан оянып кетті. «Бұл қайдан жүр тағы? Түуу, даусының ащысын!» Асылзаттың бұған жиеншер болып келетін туыстығы бар және Гүлнұрдың сырласы болып шыққаны да қызық сәйкестік еді.
Асылзат бұл жатқан бөлмеге келіп, бұны шымшылап жынды қылды.
-Жатысың жайлы екен, анда сен үшін бір қыз дәрі ішіп уланып жатыр.
Айбектің жүрегі зу ете қалды. Сонда да сыр бермей:
— Ана жақтағыларға сәлем айта салсын-деді.
— Анасы кетісімен дәрі ішіпті, кішкене жұбатып қайтшы барып.
— Айбек мына пәледен оңай құтылмасын сезіп, асылзаттың соңына көңілсіз ілесті.
***
Есікті сіңлісі ашты. Ыммен жатын бөлме жақты нұсқады. Гүлнұр кереуетте жатыр. Көзі ісіп кетіпті. Айбекті көріп жымидыда іле түсін суытып ала қойды. «Қандай шеберлік, мынаған Сәкен театрынан жұмыс тауып берсе, осы шынымен ішті ме екен дәріні»
-Дәрі ішкен жоқпын, сен меннен кетпесін деген ойыным ғой.
Ойын. Тағы да ойын! Арам ой адам басына тез келеді екен, кешке кездесеміз деп Айбек кетті жөніне.
***
Қыздың бір сағаттан соң есік алдына шығуын өтінді. Өзі алдын ала жоспарлап алғанындай Ботаға тартты. Бота бұрыннан таныс көрші ауланың қызы. Айтылған уақыттаайтылған жерге келді екеуі. Үй алдынан жылу құбырлары өтетін. Айбек Ботамен сонда жайғасты. Көп күттірмей қызда шықты, бұны көрмегендей өте берді.
— Қарындас, қалыңыз қалай?
— Тамаша, келсеңші мында сөйлесейік.
— Қазір, егер мына бикеш рұқсат етсе?- Айбек алдында отырған қыздың құлағына сыбырлап, ернінің ұшынан сүйіп Гүлнұрға қарай беттеді.
— Мынауың кім тағы?
— Танысқың келе ме, қызым 1 жыл болды жүргенімізге, күзде үйленеміз.
— Сонда сен менімен қатар онымен де жүрдің бе?
— Жоқ, шатаспа, сен онымен қөатар жүрілген. Ренжіме, біраз ойнадық, енді көріспеспіз. Сау бол!
Айбек Ботаны қолтықтап паркке қарай бет алды.
Тек, кім ұтты, кім ұтылды ол жағы Айбекке беймәлім еді. Ішінде бір дауыл ойнап, жан-дүниесінің астаң-кестеңі шыққандай ма? Бәлкім бұл Ар соғысы ма?