Ойымдағыдай қызметтерге отырыппын!

Ойымдағыдай қызметтерге отырыппын!
жеке
блог

Адам ойлаған ойлары көкке жетеді де, шындыққа айналады дегенді оқып та, естіп те жүрміз және де қалай айтсаң солай болады, жақсы сөйле деп те айтып жатады. Қарап отырып ойласам, шынымен солай сияқты. Өз басымнан өтіп жатқан жағдайларға қарап әр нәрсенің өз қолымда екенін ұққандаймын (кей жайттар болады сенің қалауыңсыз). Кей жерлерде сол өзім армандап қолымды жеткізген заттарды бағалай алмаған сияқтымын! Не жайттар деп отырған боларсыздар, жай күнделікті адам өміріндегі күйбең тіршілік қой!

Кейінгі жылдар өзім қалай ойлаймын бәрі солай болып жатыр. 

Күн көру үшін жұмыс жасаймыз ғой бәріміз (квартира, кредит, т.б.) Бірінші жұмыс орнынан жалығып ауыстырғым келді, баспен жұмыс жасайтын жер болса дедім жай отырғаннан шаршап, құдай бұйыртып ауыстым, одан кейін шаршап тыныш коп қозғалмайтын жерге ауыстым, сосын ақшасы көбірекке қалағанымдай, одан кейін тағы қалауымдағы жұмыс шықты, жоғарыладым былай айтқанда (осы отырған жұмыс орындарымда қанша отрам деп алғаш келгенде ойлаймын тура солай отырыппын) содан кейін мен тұрмыс құруды ойладым. 26 жасымда 3 жыл ойлап жүріп, ойымдағыдай, бәрі сай адамға жолықтым. Жұмыстан шаршағанда ойлайтынмын, алысқа бір жаққа кетіп қалса ғой, адам жоқ деп, ешкімді көрмей, ақша өзі табылса деп, тұрмысқа шыққан соң жолдасым военный болды да, тура солай болды. Енді мен демалып жатудан да шаршадым - 4 ай демалыппын. Ту, құдай-ай военныйға қайдан шықтым, ни за что военыйға шықпандар дедім сіңлілеріме. Алматымды сағындым! Алыс, ешқандай адамды танымайтын Мақаншыдан қашып кеттім аяғы. Мені Алла естіп тұрғандай себептер табылып жолдасым военный сферадан кетті. Армандаған Алматыма келіп, жұмыс іздеп сандалып тағы да ойымдағы іздеген жұмысты таптым бұйыртса. Мен бастысы деп ойлаған жайларды ғана бөлістім, басқа да жайлар өзім ойлағандай болып жатыр, ой деген жаман екен...