Ассалаумағалейкүм, достар! Мерекелік көңіл-күйлерің қалай? Қойын дәптердегі ойдан-қырдан жазылып алынған ойлы оралымдарды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын:
1. Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.
2. Балаларды бәрінің қайдан пайда болатыны, ал үлкендерді бәрінің қайда кететіні ойландырады.
3. Даналық қарттықпен бірге келе бермейді. Кейде қарттық бір өзі келеді.
4. Жолсыздыққа жөнсіздікпен жауап бер.
5. Жақсы өмір сүруге ешкім тыйым салмайды, бірақ көбі кедергі келтіреді.
6. Арманның жүзеге аспағаны қанша, ал жүзеге аспайтыны одан да көп.
7. Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің.
8. Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.
9. Бізбен санасатын адамдарды ғана саналы деп есептейміз.
10. Егде ессіздер жастардан да ессіздеу.
11. Достарымызға қарағанда, жауларымыздың біз туралы ойлары шындыққа жақындау.
Бұл туралы сіз не ойлайсыз? Ойыңызды ортаға салып көріңіз?