Ойласам қорқамын

 Ертеңімді ойласам қорқамын. Анық ол өлім келеді. Бүгін немесе дәл қазір келіп қалса ше? Аллаға аян. Сонда не жауап беремін. Осы күнге дейін біліп-білмей неше адамды ғайбаттаппын, Я, Аллаһым, құлыңды кешіре көрші, тәубемізді қабыл етші. Сен кешірімділердің ең кешірімдісісің ғой. Біздің жүрегімізге соншалықты берік иман бер, сөндіре көрме.

  Біз ғайбат жайлы не білеміз?  Біреудің мінін санап, сыртынан сөз ету, мұсылман бауырының дене бітімі, сөз сөйлеу мәнері, іс-әрекеттері, ғибадаттары, күнделікті өмірі, киім киісі, жүріс-тұрысы туралы артынан жағымсыз сөз айту – ғайбат болып табылады. Исламда ғайбат айту өте ауыр күнә. Аллаһ тағала ғайбат айтуды өлген бауырыңның етін жегенмен тең болатынын ескертіп былай деген: «Біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген бауырының етін жеуді жақсы көреді ме? Әрине жек көресіңдер» (Хұжырат 12)  

  Асхабтан Әбу Хурайра  Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) былай  риуаят етеді. Өмірінде бір рет ғайбат айтқан адам Ұлы Алла та­рапынан 10 түрлі жазаға ұшырайды:  Біріншіден, Алланың рахметінен ұзақ болады. Екіншіден, періштелер онымен достық құрмайды. Үшіншіден, өлім кезін­де жаны өте қиыншылықпен шығады. Төртіншіден, тозақ отына жақын болады. Бесінші, жұмақтан ұзақ болады. Алтыншы, қабір азабы өте қорқынышты болады. Жетінші, пайғамбарымыздың ру­хы одан қиыншылық көреді. Сегізін­ші, Алла оған ренжиді.  Тоғызын­шы, қия­мет күні амалдар тартылған уақытта ол кісі амал таразысында бар нәр­сесі таусылып біткенін көреді.  Оныншы, жазықсыз өсектелген адамның күнәсінің жартысын Алла-тағала кеші­ріп, ғайбат айт­қанның сауабынан бір бөлігі ғайбатталған адам­ға беріледі. Қияметте бұл адамның амал дәптері­нің беттері ашық түрде берілген уақытта  Құл: «Ей, Раббым! Жасаған ғи­ба­дат­тарым, оразаларым, намаздарымның сауаптары қайда? Олар бетте­рім­­нің арасында жоқ», – дейді   . Алла-тағала: «Халықты ғайбаттау себебімен ол сауаптарың жойылып таусылды», – дейді 

 Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме? – дегенде, сахабалар: Аллаһ пен Оның елшісі бізден жақсы біледі – деді. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Ғайбат – мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың – деді. Сахабалардың бірі: Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше? – деп сұрады. Сонда ол: Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың – деп айтты» – деген. (Муслим риуаят еткен).

 Ғайбат­талған адам ғайбаттаған адамды ке­шір­месе, ол адамды Алла да кешір­мейді. Пайғамбарымыз бұл жайында былай дейді: «Ғайбат зинадан да өте жаман». Сахабалар: «Бұл қалай бола­ды?» Бір адам зина етіп тәубе етсе, тәу­бесін Алла қабыл етеді. Ғайбат еткен адам болса ғай­баттал­ған адам хақысын адал етіп ке­шірмесе, ол адам кешірілмейді. Пай­ғамбарымыздың бір хадис шәрі­бінде: «Қас, көз, тіл­­мен кекетіп, мұ­қатып, ананы-мынаны­ мазақ еткен­дерді, өсек айтып сөз таси­тындарды, жазықсыз адамдармен қы­рылысып, сөз тартысқан адамдарды қиямет күні Алла-тағала беттерін иттің беттері сияқ­ты тірілтеді» делінген.

 Ағайындар, ойланайықшы, бұл күнде біз ғайбатты күнә деп білмейміз ғой. Шімірікпестен біреудің сыртынан сөйлеп қойып отырамыз. Барлығымыз да Алланың алдында жауап береміз. Тек бұл өмірді ғана емес арғы өмірді де ойлайық. Алланың қаһарынан қорқайықшы.


 

 

   



Бөлісу: