Кетем деп үйді даурықтырып, біраздан бері өзім де әбігерге түсіп жүргем. Не онысы болмай, не мұнысы болмай, шынымен қатты шаршадым. Біраз есік те қағып, табалдырық та тоздырдым. Сөйтіп қарбаласып жүргенімде жұмыс бабымен Қазақсанда оқып жүрген Хазара халқының азаматтарымен әңгіме-дүкен құрдық. Заки Юнус, Нимад Қурбани есімді екі жігіттің қазақшасы нашарлау болды да, олар өз тілдерінде әңгімелеп отырды. Олардың әңгімесін маған Ясир Рашид есімді жігіт аударып беріп отырды. Ол да Хазара жігіті. Үшеуі де Ауғанстаннан келген. Айтулары бойынша негізінен Хазара халқы Орта Азияда мекендеп, Ауғанстанға бірнеше ғасыр бұрын қоныс аударған екен. Біздің Түркістанды олар да ерекше құрметтейді. Түркістан түркі халықтарына ортақ мекен деп отыр. Расында Хазара халқымен ұқсас жақтарымыз бар екен. Тілдерінде де, салт-дәстүр, мәдениет, ұлттық киімдерінде де ұқсастықтар бар дейді. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" деп біз домбыраны ерекше құрметтейміз. Әр үйдің төрінде ілініп тұрса қуанамыз ғой. Сол домбыра Хазара халқында да бар екен. Олардың да ерекше құрметтейтін музыкалық аспаптары болып саналады. Тез тіл табысып, ресми кездесуіміз достыққа ұласты. Әңгіе арасында жуырда елден кететінімді, Түркиядағы бірер шаруадан хабар күтіп жүргенімді айттым. Ясир Рашид Қазақстандай елдің ешқайда жоқтығын айтты. Олар көптеген елдерде болған, және біраз тілде сайрап тұр. Ясирдің қазақшасы тіпті әдемі. Майда тілі адамды баурап алады. Өзі басқа ұлт екенін айтпаса, тіпті қазақ дерсіз)) Міне, қараңызшы))
Міне, кәдімгі қазақтың қара баласы дерсіз! Оқуларын бітіріп, Ауғанстанға кеткен соң, ауған-қазақ мектебін ашатындарын, сол жекеменшік мектептің қазіргі уақытта бар нәрсесі дайын тұрғанын, елдеріне барған соң тек жұмысты жүргізіп бастаса болғанын айтты. Неге қуанбасқа! Олардың қазақ елі, халқы, Қазақстан туралы тебіренске толы сөйлегендері, біздің ел туралы айтқанда көздерінен ұшқын ойнап тұратындары қуантты. Олардың әңгімесінен өз елімді қимай да қалдым, шыны керек! Кетсем де, кетпесем де, бәрібір осы Хазара жігіттерінің әңгімесін сұхбат қылып жазып басылымдарға шығарам, бұйыртса. Алдағы уақытта ол сұхбатты сіздермен де бөлісетін боламын.
P.S. Қазақтай ел қайда! Қазақтай жер қайда! Қазақ болып туғаныма мың да бір шүкір!