Ойландар, қазақ жастары!

Ойландар, қазақ жастары!
жеке
блог

         Мен болмысыммен сезімтал жан болғандықтан, анашым маған айналамдағының бәрін жүрегіме жақын қабылдамауымды өтінетін. Бірақ, мен бұны назарсыз қалдыра алмаймын және де осы мақаланы оқыған әрбір адам осы жайлы ойланып, қандай да бір дәріс алғанын қалаймын.

         Мен 0 мен 3 жас аралағындағы балаларға арналған Республикалық қайта қалпына келу орталығының «Бөбек» бөлімшесінде тәжірибеден өтудемін. Негізінен, науқастар туа біткен диагноздары, дәлірек айтқанда церебралды сал ауруы, психо-қарым-қатынастың кеш дамуы, жүйке жүйесінің дерттері, ОЖЖ патологиялары, Даун синдромы бар бөбек-науқастары. Бұл дерттерден ЕШҚАШАН ЕШКІМ толық жазылып кеткен емес. Бұл балалар бір жағынан өз жастастары секілді бала, оған қоса тура солар секілді қамқорлық, күтім, мейірім, жылы шырайлылық пен ана махаббатына мұқтаж. Олар тура басқа сау бөбектер секілді аналары жоқ болса жылап іздей бастайды, бәрі жейтін тағамды жейді, бәрі ойнайтын ойыншықтармен ойнайды және де бәрі көретін мультфильмді көреді. Осы балаларға қарап, осыны оқып отырған сен секілді, олардың да толыққанды болашағының болмайтынын түсінесің. Бұл науқастар әлі кішкентай сол себепті науқас екендігі санасына жете қоймас, бірақ олардың аналары жайлы бұлай айта алмаспыз. Мен осы аналардың ержүректілігiне мен батырлығына таң қаламын. Олар өз бөбектері үшін бәріне де дайын. Олар бөбектерін бір емдік шарадан екіншісіне қандай ынтамен апарады. Бөбектерге көмектескісі келіп, дәрігерлерден барлық егжей-тегжейіне шейін сұрап алады. Уақыт өте келе, олардың жүйкесі жұқарып, шыдамы таусылса да сырқатқа берілмейді. Мен бұл аналарды анық байқалатын аналық инстинкті үшін құрметтеймін, бұлар үлкен әріппен айтуға келетін аналар, себебі олар науқас бөбектерін туа сала балалар үйіне қалдырып кетуіне, әлде, тіпті жазылмайтын ауруға шалдыққандықтан емдеуден бас тартуына болар еді. Мүмкін, олар өткен өмірінде жағымсыз әдеттерге үйір болған шығар  (себебі, сал аурулары бөбектерде жайдан-жай бола бермейді ғой), әрине, сіздер қазір генетикалық жиілік жайлы айта бастайсыздар, бірақ кешіріңіздер, бұл жиіліктен бұрын ШЫЛЫМ ШЕГУ, НАШАҚОРЛЫҚ, ЖАСАНДЫ ТҮСІК, ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ жоғарыда айтылған сырқаттардың пайда болуында кішкентай ғана роль ойнамайды. Менің бөлімімдегі аналардың жас аралығы 20-35 жас.  Бір жағынан алсаң, бұл жас аралығы әйел үшін өсіп, өркендеп, армандардың шындыққа айналатын, қуанатын және де тәуекелге баратын кезеңнің дәл ортасы. Алайда, өкінішке орай, олардың барлық назары тек бір ғана кішкентай әрі қамқорсыз балаға аударылған. Бұндай жағдайда карьера жайлы қандай әңгіме болсын? Сенің өз балаң  аурудан қымсынап, қайдан екені белгісіз, бірақ шегі жоқ жасын төккенде айналаңдағының бәрі екінші емес, тіпті үшінші де емес, алыстағы орындалмайтын жоспарға айналады.

         Қазіргі сөзім барша жас қыздарға арналады.  Бар немесе клубқа барудан бұрын, құрбы-құрдастарыңмен ішімдік ішуден бұрын әлде темекіні тұтатудан немесе кальян шегуден бұрын, насыбай, героин атудан бұрын, тағы қандай әдеттер бар? Жалпы осындай нарселерді істердің алдында... «осы маған керек пе»,  деп 100 рет ОЙЛАН?! Мүмкін сен қазір мені жай айтып жатыр, мен мұндайдан аулақпын дерсің. Бірақ ешкім де сақтандырылмаған.  Менің бұлай пайымдауыма өзімнің тәжірибеден кейін орталықтың ауласында көрген көрініс себепкер болды. Орталық ауласынан шыға бергенде, біздің орталықта емдеуден өтіп жүрген ананың шылым шегіп отырғанын көрдім. Ал оның қасында сал ауруына шалдыққан ұлы отырған болатын. Осы көрген жәйт менің жанымды жайсыздандырды. Бұның бәрі маған өте дұрыс емес жағдай болып көрінді. Осыдан кейін оның сау баланы тәрбиелеуге қандай құқығы бар?! Егер ол өз ұлын күн сайын никотиннің белгілі бір мөлшерімен улайтын болса, оны сондай ынтамен емдеуге тырысудың не қажеті бар? Мүмкін, сіздер мені шамадан тыс консервативті ойлайды дейтін шығарсыздар, бірақ мен бұндай жағдайларға көзімді жұма алмаспын. Бұл жағдайлар өте аз кездеседі деп үміттеннемін. Бұрындары, әлеуметтік желілерде жиі кездесетін «Қыздар ішпеңдер, шылым тартпаңдар! Сен болашақ анасың ғой!» деген секілді пафосты сөздер маған күлкілі болып көрінетін және де шын өмірде осы жағдаймен бетпе-бет кездеспегенше бұл сөздердің  мағынасын толығымен түсіне алмайтынмын. Мен мың толғанып: мүмкін көптеген аналар сал ауруына шалдыққан балаларының алдында кінәні сезініп, әрқайсысының  кінәсінің мақсаты әртүрлі шығар деген ойды түйдім. Біз өз болашағымыздың жаратушысымыз және де әрқайсысымызда таңдау бар, менің нені меңзегенімді түсінген шығарсыздар...

         Ал енді ер балаларға сөзімді арнағым келеді. Сіздер де болашақ ӘКЕСІЗДЕР. Және баланың түзілуіндегі 50% үлес сіздердікі. Ал осы үлес онша жақсы емес болса ше? Менің ағаларым көп және де қазіргі ер балалардың бос уақыттарын қалай өткізетінінен хабардармын десем болады. Жалғыстырмай-ақ кояйын, сіздер менің не жайлы айтып жатқанымды онсызда түсініп тұрсыздар.

         Ал қазір мен КСРО уақытынан бері келе жатқан дәрігерлер жайлы  «емдей алмайды», «оқымаған», «дөрекі», «мен жақсырақ білемін» және тағы да басқа стереотиптерді жоюға тырысамын. Емделушілердің келуінің бірінші күнінде, маған өте жақсы мүмкіндік пайда болды, яғни біз бөбектердің біріншілік тексерісін дәрігерлер төрелігімен бірге бақылай алдық.  Тексеріс қонақ бөлмеде кілемнің үстінде өтті және дәрігерлер жазбаларды тізелерінде жазып отырды. Тексеріс барысында емдеу курсы(24 күн) кезінде жетуге болатын және міндетті анық мақсат қойылады. Бұндай формалды емес жайғасу бізді қуантты, себебі бұл науқас нәрестеге және оның ата-аналарына, олардың өздерін түсінетін және де психикалық әрі физикалық түрде көмектесетін жерге келгендігін санасына жеткізеді. Дәрігерлер даусыз зияткерлер және өз жұмысын өте жақсы біледі.  Ал бір дәрігердің "Сіз енді жай ғана Ерханның анасы емес, сіз енді біздің әріптесімізсіз"  деген сөздері тіпті менің пайымдауымды дәлелдеді. Медбикелер өте мейірімді және көмектесуге ынталы, себебі осындай балалармен жұмыс істеген кезде ашулы немесе тасжүрек болу мүмкін емес қой.

        Қорытындылай келе, емделуші отбасылардың контингенті әртүрлі екендігін айта кеткенім жөн. Науқастар елдің әр ауданынан келгеніне, қаржылай жағдайларының әртүрлі болуына, тәрбиесінің дәрежесіне, рухани құндылықтарына қарамастан олардың бәрі сырқат алдында тең.  Сенің байлығыңның мөлшері, аула сыпырушының немесе подполковниктің әйелі екендігің, жасың 20 әлде 45, сенде PHD дәрежесі ме әлде сен қалған төрт балаңа түскі асқа қандай тамақ беретініңді білмейсің бе, жоқ па бұның бәрі ешқандай рөл ойнамайды, себебі қандай болсаңда сен және сенің нәрестең осы аурудың құлысыңдар. Дәрігерлердің өз алдына қоятын мақсаттары біз үшін өте маңызсыз болып көрінеді. Мысалы, баланы қасықты ұстауға үйрету, төрт аяқта тұруды үйрету, отыруды немесе тұруды үйрету, бір жағынан екінші жағына аударылуды үйрету, басын қалыпты ұстауды үйрету және де бәріне ең маңызды мақсат психологиялық түрде қалыпты бола бастау. Олар сияқты балаларға бұның бәрі нағыз жетістік. Бұндай нәтиженің артында тер мен еңбек, шыдам, уақыт, ұйқысыз түндер, көз жасы және жақсыға сенім тұрмақ. Дәрігерлердің барлық топ мүшелері бала мен оның анасымен бірге әр күн сайын осындай келеңсіздіктермен күресуде, бір күні жеңіліс, бір күні жеңіс. Бірақ мен оларға сенемін.

Өздеріңізге қамқор болыңыздар және ауырмаңыздар..