Ойланатын жағдай...

Ойланатын жағдай...
жеке
блог

     Жасында арақ ішіп, темекі тартып, есірткі қолданған талай әкелер мен аналар баласы дүниеге мүгедек болып келсе, «Не жазып едім?», - деп құдайдан сұрайды, онсызда сорлы боп туған баладан алады «өшін». Баласынан безініп, бауырына баспайтындар қаншама. Өз кінәсін мойындап, мүгедек, ғаріпті тәрбиелей бастайды. Бала өседі. Мектепке баруға жараса бір бақ. Жарамаса «жалғыздық» дейтін «жаман ауруға» тап болады. Бағы жанып мектепке барсын-ақ. Көздерімен сүзгілеп, «жұлдыз» көргендей таң қалатын пенделердің ежелгі әдеті тап болады.. Ал жарайды жан-жағының бәрі ақылды, дана, парасатты жан дейік. Оған аяушылықпен емес, мейіріммен қарады делік. Өскен сайын өзі де қоғамнан бөлектене бастайды. Онда балалығынан айырылады. Ал балалығы жоғалған адам, бақытты болуы тіптен де мүмкін емес.

     Бала мектеп бітіреді. Мүмкіндігі жетсе оқуға түседі, жетпесе жер қойнына кіргенше біреуге масыл болып өтеді. Оқуға түсіп, бітіріп шығады. Табаннан тозып жұмыс іздейді. Талайлар түріне қарап қабылдамайды. Қаңғырып жүріп бір жұмысқа кіреді. Онда да сау адамнан екі есе аз жалақы алады(Осы тұста айта кеткен жөн. Біздің елде Әлем чемпиондарына 100000 АҚШ долларын берсе, Параолимпиалық ойындардан Әлем чемпиондарына 1000 АҚШ доллары тағайындалған.).

     Тағы бір қиындық – отбасын құру, балалы болу. Мүгедектің сәбилі болғаны, молдалардың Мекке барғанынан мың есе артық қуаныш. Ілу де біреу осындай бақытқа ие болсын. Алайда мүгедектің мәңгілік қасіреттің белгісі болып қалатыны хақ.

     Бір кеште мас болып, ессіз қылыққа барған бойжеткен мен бозбаланың мұны ойламайтыны анық. Тіпті «Мүгедекті адам қылдық», - деп «мәз» болып, өздерін керемет қылып көрсетеді. «Біз не көрмедік?» - деп кеуде соғатындар қаншама. Қателігін түсініп, кешірім сұрайтында бар ма? Бала анасын жек көрсін бе? Кешіреді де. Олар ахиретте көруге тиіс қиындықты, өзі фәни де көріп, Тәңірден ата-анасының жұмаққа баруын тілейді. Алла қабыл етсе болғаны...

     P.S.: Бала кезімнен мүгедектігіме байланысты жыл сайын дәрігерлік тексеруден өтетін едім. Бұрын кезек аз болатын, тіпті жоқ деуге де болады. Мен өскен сайын кезекке тұратын адамдардың саны да өсіп келе жатқандай.