Ойқұдык Ералының Қаскабұлақ суы келiп құятын қонысының аты. Қалың көк шалғын, ойдым-ойдым қамыс құрағымен астарласып жататын бұл өңiрде жыршы құстар аса көп. Үйрек пен қазга қаршыга салатын жігіттер күні бүгiн де кездеседі. Қаршығаға тіл үйреткен жастарды құсбегі ұстаздары жылдың қолайлы мезгілдерін қыран үшін саусақпен санайды да, осында келеді. Әне, сары ала қаздар дүр көтерілді. Ана бiр тұста қанатын күн көзiне жаныған кішкене құс ителгі жүр.
Осы жерде бір ескерткіш тұр. Соған карай жақындалық. Құлаққа бір үн шалынғандай. Құс қанаты суылдап, қамыс құрағы ызыңдап, жел жетелеп не естiрттi?
Қазақ сахна шымылдығының тарихы басталатын Ойқұдықта тұңғыш рет өз өнерлерін көрсеткен Абай аулының жастары арада елу жыл өткеннен кейін, Мұқаңның "Қаракөз" пьесасын Алматыда қойып, 400 өнерпаз коллективтен топ жарып озып, халық театры атағын жеңіп алды.
Еңлік пен Кебек тығылған Үй тас Кіші Орда тауының батыс жақ қойнауына орналаскан. Үй тастың алдында мынандай сөздер жазылған: "Бұл - ұлға бұғау, қызға түсау болған зар заманда өмір кешіп, тас бауыр қатал билер үкімімен өлтірілген Еңлік-Кебек мекен еткен үй тас".
Еңлік пен Кебек Қаражартастан қашып, Тобықтылар отырған Жидебайға жақын кіші Орданың осы Үй тасына тығылады. Кебек батырдың дос-жарандары азық-түлік жеткізіп беріп тұрады. "Елім мені жау қолына ұстап бермейді" деген ойға бекінген Кебек аң аулап кетсе де, осы маңнан ұзамайды. Екеуі Үй тасты мекен етіп жүріп, бала көреді. Үй тастың екі жағынан да бұлақ ағады, терістік жағындағысын - Кебек, оңтүстік жақтағысын Еңлік бұлағы деп атайды. Семей - Карауыл жолының үйтасқа да бір тармағы келіп тіреліп тұрғанын көресіз. Бұл - жаратылыс берік етіп жасаған мекен жай. Ыстықта - сая, суықта - пана екенін андайсыз. Еңліктің баласын бесігімен ұйықтататын жерін көресіз. Сәт сайын сіздің құлағыңызға төбеден зулап аққан үн естілуі мүмкін, сескене көрмеңіз. Бұл таста түлкі, қоян, арқар, қаскыр қалың болады да, тау қырандары соларға жиі-жиі оқтай зулап түсіп жатады. Үй тас алдындағы мына жақпардан Кебектің Күрең аты қарғып өткен. Иесінің қабағын танып дағдыланған Күрен ат дыбыс білетін хабаршысы да, серігі де екен. Таң бозара қамап алған жауды көрген Кебек Еңлікті артына алып, бесікті өңгере жөнелгенде, үй тастың ішін әлденеше орағытып кеп, осы жақпардан қарғып кеткен. Сол кезде Еңлік аттан ауып түсіп қалыпты. Кебек нәрестемен құтылып кетсе де, "Еңліктен жаным артық па?- деп қайта келген. Көпке топырақ шаша ала ма, жау қамалап, ақыры, Кебекті де қолға түсіріпті. Осы жерден екеуін де аттың қүйрығына арқанмен сүйреп, Ақшоқыға апарған.
Ол кезде Шыңғыс матайлардың қыстауы орналаскан жерлері болады да, Ащысу өзенінің өңірі тұтастай күзектері болған. Екі жасты Ақшоқыда өлтіріп, бесігімен жас нәрестені тау басына тастап кеткен. Ие болмаган соң, нәресте сол түннің бейуақытында оныңдағы үні өшкен. Еңлік пен Кебек тығылған Үй тас Кіші Орда тауының батыс жақ қойнауына орналаскан. Үй тастың алдында мынандай сөздер жазылған: "Бұл -үлға бұғау, қызға түсау болған зар заманда өмір кешіп, тас бауыр қатал билер үкімімен өлтірілген Еңлік-Кебек мекен еткен үй тас".
Еңлік пен Кебек жас нәрестелерімен өлгеннен кейін: "Енді тобықтылар" малымызды шауып, қанжуар алады" деп қорыққан матайлар Ащысу өзенінің бойынан үрке кашкан соң ғана
жастардың денесін тау басына әкеліп жерлеген. Ел аузындағы аңыз нәрестесінің де ата-анасының
құшағында бірге жатқанын сөз етеді. Себебі, табыттарды жерлеген тобықтылар болған соң, нәрестені бөлектеуі мүмкін емес деуінде шындық бар. Еңлік өлерінде төркін-жұртынан үш тілек сұраған екен. Біріншісі, "ел-жерімен қоштасып, Кебекпен арыздасу", екіншісі: "Әке-шешемнің
менен басқа баласы жоқ еді, нәрестені соларға табыс етіңдер". Үшіншісі -"Кебекпен бір қабірге жерлеңдер". Бұл тілектерінің қайсысы орындалып, қайсысы орындалмағанын көріп тұрсыздар.
Кәмен Оразалин
«Абай ауылына саяхат» (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 137--144-беттер