Сөйлеу, сезіну, ойлау сынды жоғарғы сезімдер- адам баласының бойына ғана дарыған екен. Сол үшін де адамдар, әлемді сезіне алады. Бірде жылап, бірде күліп түрлі сезімге беріледі. Өмірден өз орнын табу мен жетістікке жету де тек саналы жанға тән құбылыс. Осы бір аталған құбылыстардың барлығын жинақтап, бір арнада тоғыстырушы ол адамның ойы десек болады. Ал сол ойды көпке жеткізуші, тілдестіруші-сөз. Көрдіңіз бе, сонда адамның ішкі жан дүниесінің тілі-сөз екендігі байқалып тұр.
Сөздің құдіреті жоғары. Бастысы орнымен пайдалансақ болғаны. Егер тауып сөйлесең, ойыңның нақ ашылғандығы, көпке дұрыс жеткендігі болмақ. Тауып айтылған ұтымды сөзді адамдар жоғары бағаламақ. Ал орынсыз бей-берекет сөйлесең, көптің күлкісіне қаларың анық. Мұнымен не айтқымыз келді? Адамның ойын дұрыс жеткізіп, әп сәтте өрге сүйрейтін- бір ауыз сөзі болмақ.
Шағын ғана мысал келтіре өтейін. Кей деректерге сүйенсек, әйгілі «Mc Donald’s 2011 жылы күндік табысы ретінде 12 000 000 доллар тауып отырыпты. Басшылық есеп қисабы бойынша сол ақшаның 18 000 000 долларын тұтынушыға бір сұрақ қою арқылы тапқан. Ол сұрақ: «Сізге соус керек пе?». Міне, дәл уақытында, орнымен қолданылған сөз алпауыт компанияның табысының жарты бөлігін қамтып отыр. Олай болса неге, ойдың тілі-сөз демеске?
Бар байланыс сөйлеу арқылы құрылған мына өмірде, әр кез ойыңызды жүйелеп барып, іске кіріскен жөн. Себебі, ой жүйелі болмаса, сөзіңіз бағытсыз кемедей, қай жағадан шығарын байқамай қалады.
Мади Анеля
ҚазҰУ журналистика
Факультетінің 1-курс студенті