Оятқыш-адамдар

Оятқыш-адамдар
жеке
блог

XX ғасырдың бас кезінде Англия мен Ирландия тұрғындарының көпшілігі фабрикалар мен зауыттарда жұмыс жасаған. Қарапайым жұмыскерлер оятқышы бар сағаттар кейіннен пайда болғандықтан, оятқыш-адамның қызметіне жүгінген.

Оятқыш болып жұмыс жасайтын адамдар, таңның ертесімен қала көшелерін аралап, ұзын бамбук таяқпен өздеріне тапсырыс берушілердің терезелерін қағады. Оятқыш-адамдар тапсырыс берушілерінің толық оянғанына көздері жеткенше терезелерін қағып тұрады. Бамбук таяқ жоғарғы қабаттағы терезелерді қағатындай жеткілікті ұзын болған.

Оятқыш-адамдар әдетте Манчестер секілді ірі қалалардың өнеркәсіпті орамдарында тұрған. Мұндай жұмысқа аз ақша төленгендіктен (аптасына бірнеше пенс(Англияның ұсақ ақшасы) ), оятқыш болып егде жастағы адамдар жұмыс жасаған.

Сурет: delfi.lv