Авторы: Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 1 курс магистранты Әлімқұл А.Т., жетекшісі Жанатаев Д.Ж.
Еліміздің тарихы қарапайым халықтың ой-санасын, рухани мәдениеттілігін жаңғарту мақсатында аянбай еңбек еткен зиялылар мен ғұлама ғалымдар толы. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасында ерекше орынға ие, осы саланың жарық жұлдызы.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері 1841 жылы Қостанай өңірінде туылған. Ол бар саналы ғұмырын ағартушылыққа , яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзініңпедагогтік,жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімін және қайраты мен жігерін елдің жас ұрпағына арнады. Қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, қазақ балаларын озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкенжетістіктерге қол жеткізді.
Ыбырай Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да, ол рухани - адамгершілік білім беруді ту етіп ұстады және қазіргі таңда да жалау етіп желбіреп өз мәні мен мағынасын жоғалтпады. Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелерін өзімнің кәсіби және жеке өмірімде кеңінен қолданамын.
Ыбырай Алтынсаринның туындаларының әрқайсысы өзіндік терең философиялық мән мағынасына ие. Бәрімізге танымал «Кел, балалар, оқылық» өлеңі бүгінгі күнге дейін актуалды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Осы шумақтың өзі-ақ қандай керемет мағынаға ие?! Расымен де, білімділік адамның жолын ашады. Көп оқыған сайын адам санасы білімге құнығады. Оқыған білімді адам әрқашанда кез келген мәселенінің шешімін таба алады. Тілегені алдынан іздемей-ақ табылады. Осы қысқа ғана шумақ қаншама жылдар бұрын жазылғанымен, бүгінгі 21 ғасырдағы құнды болып табылады.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны – ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата–ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата–енең қартайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Өлеңнің осы бөлігінен Ыбырай Алтынсаринның жастарды тәрбиелікке тәлімдеуі байқалады. Шумақтарда ата-ананың мәңгі жаныңда болмайтындығы, олардыңда қартайып, бір күні кететіні айлы ескертеді. Бұл өз кезегінде оқу арқылы, білімді болу арқылы жауапкершілікті өз мойынына алуға үйретеді. Сонымен қатар, ата-ананы қадірлеп, қастерлеуге. Сыйлауға және барында бағалауға шақырады.
Ыбырай Алтынсаринның ата-ананы құрметтеп, бағалауға тәрбиелейтін «Бұл кім?» өлеңі:
Бала, бала, бала! деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргетіп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Байқағандарыңыздай, өлең жеңіл, қарапайым және қара халыққа түсінікті тілде жазылған, және аяулы аналардың еңбегін айқындап, олардың құндылығын арттырып тұр.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.
Бас ауырса бақсыларды
Алып келіп бақтырарсың.
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырырсың.
Жын - бәлекет қашады деп,
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан еткен істен.
Ешбір қайыр табылмас.
Алған жарың жаман болса,
Бір Тәңірге көп налырсың.
Жарым сондай болса екен деп,
Көрінгенге көз саларсың.
Әз елде маңдайыңа нені жазса соны аларсың.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас.
Катының өлсе қарыс ұрып қаларсың.
Аны - мұны қармалап,
Және біреуді аларсың.
Бір кеткен соң қамқор әке - шешең табылмас.
Ыбырай Алтынсарин — бар саналы ғұмырын ағартушылыққа , яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзініңпедагогтік,жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімін және қайраты мен жігерін жас ұрпаққа арнады.
Қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, қазақ балаларын озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырайдың ізгілік педагогикасының демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Баста пісіп жетілген ойлар , жүрекпен терең сезінілуі қажет, содан соң дұрыс шешімдерді қолдар жүзеге асыруы тиіс деп білген ұлы ізгі педагог
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Оқушыларды жек тұлға етіп қалыптастыруды адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оларды қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауды білім мен тәрбиенің бастауында тұрған мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асқаны сөзсіз. Адамгершілік – қоғамдық сананың ең басты белгілері болғандықтан Ыбырай Алтынсарин адамдардың мінез-құлық, іс-әрекетті, қарым-қатынастарды бейнеледі. Шындығында, білім берудің мақсаты баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамыта қоймай, ең алдымен баланың жоғарғы рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Себебі бала шынайы адамдықты, танып білуді педагогикалық үдеріс кезінде үйренеді. Бұл жағдайда ізгілік педагогикасының классигі Ыбырай Алтынсариннің өзінің заманында жазған : «…жастардың ой- пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек…» деген өсиетін есте сақтау абзал. Себебі қазіргі таңда рухани-адамгершілік білім өте қажет. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Ой, сөз және істің бірлігін тең ұстай алды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. «Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол.
Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары.
Жарлыдан алып байларға,
Сыйлар берсе керек - ті.
Азған елдің қожасы,
Қыдырып келер есікке.
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке.
Балаларын бастырып,
Қатындарын састырып,
Төрге қарай ұмтылып,
Тамақ үшін қылғынып,
Дуа қылса керек - ті.
Осы өлеңді оқи отырып, автор халығтың тек тәрбиелей ғана қоймай, саяси білімін қалыптастыруға тырысқандығы да байқалады. Ол өз өлең шумақтарында билік басындағыларды сынап, әділеттілікке шақыруы байқалады.
Мұғалім баланы сүйіп, оны түсіне білуі және шабыттандыра алуы керек деп есептеген. Ізгілік педагогикасын баса назарда ұстаған Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап көптеген қысқаша әңгімелер жазды.Сонымен қатар оқу – әдістемелік шығармалар және халық ағарту мәселелері жөнінде ескертпелер, этнографикалық очерктер де жазған. Ұлы ағартушы рухани- адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында айтып кеткен. Арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның түпкір түпкірінде білім беретін мектептер ашылды.
Ыбырай Алтынсаринның әр әңгімесінде рухани- адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ақиқат, жиянат жасамау және ішкі тыныштық құндылықтарды дарытады. Баланың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытудың маңызды шарттарының бірі- балаға қоршаған ортада шынайы көзқарас, көңілді жағдай туғызу болып табылады.Ұлы ағартушы аңыз әңгімелерінің қай-қайсысын алсақ та, ондағы айтылатын негізгі идея – жалпыадамзаттық құндылықтар мәселесін көтере отырып, аз сөзбен көп мағына беретін қысқаша әңгімелерді жас ұрпаққа тілімдік- тәрбие. Ыбрай Алтынсарин адамгершілік қасиеттерді дәріптеуін басты назарда ұстаған. Яғни, жеке тұлғаға рухани-адамгершілік білім беру мәселелерін басты мақсат етіп жүзеге асырған. Өйткені, ол жас жеткіншіктерге ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре отырып үйреткен. Адамның қоғамда өз орнын табуына, ақыл- парасатының дамуына, яғни, кемелденуге деген тілегін ашып, мәнді өмір сүруіне үйретеді. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.Ыбырай Алтынсарин шығармашылық жолында сантүрлі қиындықтарға жолықса да өз алған бағытынан таймады. Бойындағы сеніммен ойдың, сөздің, істің бірлігіне әкелді.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар», — деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап – жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады.
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», — деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. «Баланы жастан», — дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады. Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт — дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып, тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу.
Жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.
Мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан. Қорыта айтқанда, Ыбырай Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да, Ыбырай Алтынсарин рухани- адамгершілік білім беруді ту етіп ұстады және қазіргі таңда да жалау етіп желбіреп өз мәні мен мағынасын жоғалтпады . Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелерін өзімнің кәсіби және жеке өмірімде кеңінен қолданамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Алтынсарин Ы. тағлымы». Алматы, Жазушы, 1991ж.
2. Асқаров А. «Ұлы Тұранның ұлдары», Алматы, 1998 ж. 51-58 б.
3. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.
4. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы, 2003ж. 18 – 21 б.
5. Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.
6. Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.