"Верёвки" мультфильмі. Церебральді паралич

Әр адам үшін бақыт деген сөзге-әр түрлі түсінік қалыптасқан.Біреу бақытын бар байлығы десе, енді бірі атақ пен даңқ, тағы бірі отбасымның амандығы мен денімнің саулығы деп жауап қатады.Алайда,халқымызда «Адамның бақыты - балада» деген сөз бар. Ал менің анам үшін бақытты-тек тәрбиелі,дені сау ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам өмірінің мәні де осыда емес пе...

Өмірде барлығы да біз қалағандай бола бермейтінін айта кеткен жөн. Ата-анасы дені сау,тәрбиелі ұрпағы болғанын қалаған күннің өзінде,мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда бар екендігін айтқымыз келмесе де жоққа шығара алмаймыз. Осы тұста,испандық «Веревки» деп аталатын қысқаметражды мультфильмді тамашаладым.

Оқиға-ерекшелігі бар баланың жаңа мектепке ауысып келуімен басталады. Сыныптастары көре салысымен ол баладан алшақтап,жақтырмай қарайды. Ал оның ерекшелігі-цереберальді ауруға шалдыққандығында еді. Көтерілген мәселедегідей,айналасындағы барлығы да бұл баладан бастарын ала қашқанымен,Мария есімді қарапайым қыз оны бірден жақсы қабылдап,жақын тартты. Туындыда ауруға шалдыққан бала мен Марияның достығы туралы айтылады. Мария оның жалғыз досы болып, қайғылы өмірін жарықтандырады, армандау қабілетін арттырып, қиялына қанат бітіруге көмектеседі. Қатарластары Марияның бұл қылығына басқаша көзбен қараса да ол испандық баланың қуаныш әлеміне жол ашады. Қандай қиын жағдай болса да Мария барлығы төтеп беріп,достықтарын сақтап қалу мақсатында,өзі қозғалуға үйреткен арқанды есейгенде де қолына байлап,тұмарындай сақтай білген еді...

Әлемдегі әр бір жан қайталанбас тұлға. Сондықтан,кез-келген адам адамгершілік тұрғыдағы қарым-қатынасқа толықтай құқылы.Елімізде жоғарыда айтылған туынды кейіпкеріндегідей ДЦП-мен ауыратын балалармен жұмыс жасау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды көптеп кездестіре аламыз. Ол аз десеңіз,еліміздің түкпір-түкпірінде церебральді паралич ауыруына шалдыққан балаларды құлан таза айықтыру үшін әр түрлі оңалту орталығы жұмыс жасап жатыр. Соның бірі «MAKSAT MED» медицналық оңалту орталығы. Орталықты басқаратын Мақсат Әбдіқадырұлының журналист Дархан Мұқантегіне берген сұхбатында емделушілер тек Алматыдан емес,тіпті, ТМД дан, Қытайдан да келіп ем алып жатқандардың бар екендігін сөзге тиек етті. Одан бөлек «Балбұлақ», «Аруана», «Альнур Мед», «Арда» тағы басқа көптеген оңалту орталықтары жұмыс жасап,іске асырып отыр. Олардың нәтижесін де көріп жатырмыз. Атап айтар болсам,Нұрсұлтан қаласындағы Ұлттық оңалту орталығының 2017 жылғы ақпараты бойынша,ашылғаннан бері 600 баланы аяғынан тік тұрғызғандығын, елбасының өзі де тамашалап,көзайым болған екен.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»,- деп бекер айтылмаса керек. Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауланып,бөлек оқығанын қалар дейсің?! Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай,олардың қоғаммен етене араласуына кімнің де болсын қосар үлесі бар деп білемін.



Бөлісу: