"Валентин күнін"тойлау мұсылманға лайық емес!

"Валентин күнін"тойлау мұсылманға лайық емес!
жеке
блог

Міне,тағы да жылдағыдай "Әулие Валентин күнінің",яғни "бүкіләлемдік" махаббат мерекесінің дүбірі естіле бастады.Әрине,көп адамдар "Бұл махаббаттың мейрамы емес пе?Махаббат ешкімнің ұлтына,нәсіліне,дініне қатысты емес,бәріне ортақ сезім"деп,Валентин күнін тойлауды жақтап жатады.Әулие Валентин күнінің мағынасына үңіліп көрелік.Бұл мәселені талқыламас бұрын алдымен "Мұсылман деген кім?деген сұраққа жауап беріп өтейік.Намаз оқу мен ораза ұстау-Аллаhтың үкім еткен ғибадаттары болса да,оны арамызда орындап жүргендер аз.Адам өзге діннің әдет-ғұрыптарын орындап,мейрамдарын тойламауы тиіс.Өзін"мұсылманмын"деген жан тек ислами ғана мейрамдарды тойлауы керек.Әскер қатарына алынғанға дейін үйленуге тыйым салған Рим патшасы жарлығын бұзып,жастарды жасырын түрде некелестіріп Валентин есімді дін адамын патша нөкерлері біліп қойып,заңнан аттағаны үшін дереу арада өлтіреді.Кейін жастар оны махаббатың жақтаушысы ретінде атын мадақ қылып,шіркеудің қолдауымен 14-ақпанда діни мерекеге айналдырады.Біріншіден,бұл өзге діннің мейрамы,оны тойласаң сенің мұсылмандығыңа шек келеді;екіншіден, мұнда Жаратушы Иемізге серік қосу белгісі,ол-күнәлардың ең үлкені;үшіншіден, бұл мейрамның жастарымызға түк те де пайдасы жоқ.