«Валентин күні» немесе бір жыныстыларды қолдайтындардың қатарындасыз ба?
блог
Студент кезімізде қандай да мерекені сылтау қылып, атап өтуді асыға күтетінбіз. Солардың қатарында «Әулие Валентин» күні де болатын.
Бірде сол 14 ақпанды қалай атап өтетінімізді, қайда баратынымызды ақылдасайық деп жиналғанда Бұйра деген дос бала «осы мерекені атап өтетін анандайсыңдар ма?» деп қарқылдап күлді. Біз барлығымыз «қандай анандай» деп едік, «көгілдір» деп ішін ұстап, бір он минуттай көзінен жас аққанша қатты күлді енді. Бір кезде есін жиғаннан кейін «Валентин күнінің» тарихын айтып берді.
«Сендер барлығың бас салып сол «Әулие Валентин» күнін тойлайсыңдар. Ал тарихын білмейсіңдер. Иә, ол махаббаттың құрбаны, екі ғашық жандардың некесін қиямын деп өмірін берген дегеннен басқа түк айта алмайсың.
– Біле білсеңдер, ол «Бір жыныстыларды» үйлендірген. Әйтпесе шіркеу қызметкерін жастардың некесін қиғаны үшін кім өлтіреді, айтыңдаршы. Қай жылы, қай ғасыр екенін білмеймін айдалада тау арасында елдің көзінен тығылып, кезекті рет сол көгілдірлерді үйлендіріп жатқанда шіркеу қызметкерлері оны ұстап алып, сол жерде басын шауып алған дейді. Ол кісі сондай махаббаттың құрбаны», – деді Бұйра досым.
Бұл әңгіме шын ба, өтірік па? Бірақ сол оқиғадан бері Валентин күнін тойламаймын да, оны мереке деп те ойламаймын. Гугл апайдан қарап көріп едім, бұл мерекенің нақты тарихы туралы нақты ақпарат таппадым.
Сондықтан Сіздер тойлайсыздар ма өздеріңіз білесіздер, бірақ қандай махаббатың құрбаны болған адамның атауымен аталған мерекені тойлап жатқандарыңызды ойлап көріңіздер!!!
Егер бұл оқиға қате десеңіздер, өз нұсқаларыңызды айтыңыздар!