Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаз-ұлы тұлға
жеке
блог

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап,сенің жанашырың, тәлім-тәрбие берушің ол ұстазың. Әліппені жаттатқызып,қолға қалам ұстатқан алғашқы ұстазы әр адамның есінде шығар. Ғылыммен айналысатын ғалым да, доп тебетін футболшы да, суырып-салма ақында, үй тұрғызатын құрылысышы да, барлығыда ұстаздан тәлім алған. Ұстаздың берген тәрбиесі дұрыс жолға сілтейтін компас,қараңғыдан алып шығатын шырақ секілді.

Халқымыз "Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла" деп бекер айтпаған. Қай заманда болмасын мұғалімнің мәртебесі биік болған.Ұстазын құрметтемеген шәкірт,білімдіде құрметтемейді. Қасиетті Құран кітабында да , ұстазын құрметтемеген жан жетістікке жете алмайды, жетсе де оны пайдаға асыра алмайды деген.

Бала білімге деген алғашқы қадамын жасағанда оның алдынан шығатын қиындықтар көп.Сол кезде өзінің тәжірбиесімен бөлісіп,жол сілтейтін адам ол -мұғалімАта-анамыз бізге жүріп-тұруды,өз-өзіңді ұстауды үйретеді.Алайда үйде берген тәрбие жеткіліксіз.Ата-анамыздан кейін,бізге ақыл мен ар-ұятты бойымызға сіңіретін бірден бір адам- ұстаз.Мектепте ұстаз балаға жеке тұлға ретінде қарайды,соның арқасында бала бойында жауапкершілік пайда болады.XXI ғасыр,бәсекелестік пен білімнің заманы.Жастарымыздың алғырт, озат болуы жолында мұғалімдердің атқарар жұмысы орасан зор.

Кейде қазіргі мұғалімдердің жағдайына қынжыламын.Әр үйдің еркесін оқытамын деп,қағазбастылықпен жүреді,шаршайды, жүйкесі жұқарады.Еңбегін бағаламайтындар,тәртіпсіздік татытанындарда бар.Алайда өзгенін уақытын аялап,өзінің уақытын аямайтын ұстаздар асыл жандар.Келешекте мұғалім мамандығының міртебесі артып биіктейтінінен сенемін.

Мен 2 сыныптан бері Талдықорған қаласындағы №25орта мектепте білім алып келемін.Мөлдіреген жанарымнан,қобалжуды сезген ұстазым қолымнан жетектеп партаға отырғызған сәті әлі есімде.Бүлдіршін мен үшін сол сәттен бастап ұстаз сөзі мейірімділікпен жанашырлықттың синониміндей болды.Алғаш жазуды, санауды үйреткен ұстазымның жылы жүзін ешқашан ұмытпаймын.Он жыл бойы мені білім нәрімен сусындатып,оқуға деген қызығушылығымды оятқан ұстаздарыма алғысым шексіз.

"Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін."-деген екен Серке Қожамқұлов.Өмірде көп асулардан асып,қандай биік шыңдарды бағындырсамда, білім есігін ашқан ұстаздарыма иіліп алғысымды білдіретін боламын.