Үшке көбейтілген суық
блог
Қараңғы түскен уақыт...Оқуымнан түңгі кезекшілікке жіберген еді.Ол,аурухананы табу біраз қиындық туғызды,биік қоршаулармен қоршалған,биік темір есікпен жабылған түсі суық ғимарат екен.Қоңырауды басып күтіп тұрған едім,күзетші келіп есікті ашты.Бас мейірбикеге барып белгіленіп,өз бөлмішеме келіп мейірбикелер және науқастармен танысып шықтым.Бірақ науқастардың көздері бір мұңға толы еді.Кешкі ас беру уақыты болғандықтан ас таратуға көштім.Біріншілік асқа картоп пюресі,екіншіге сорпа,екі тілім нан екі кәмпит барлығына үлестіріп бердім.Көзіме жас келіп,сыртқа шығып кеттім.Өксігім тамағыма тығылып,біраз жылапта алдым.Мұнда жатқан кісілер 60-70 асқан жасы үлкен кісілер еді.Мейірбикеден сұрағанымда...Оларды тастанды жандар ,сексен пайызының баласы,үй жайы бар екенін айтты.Бірақ балалары үйлерді өз атына жаздырып,әке-шешелерін осында әкеліп тастайды екен.Не деген қатыгездік,баласын ешкімнен кем етпей өсіріп,солар үшін жұмыс жасап,енді жемісін жеймін бе дегенде Қарттар үйінен бірақ шығармын деп ойламаған болар.(Кезінде професор,мұғалім,есепші тұрақты жұмысы бар кісілер).Қу дүние не істетпейді десеңші.Суық палата,суық көз қарас,адамдарға деген суық сезім,ия ия менің айтпағым осы үшке көбейтілген суық.Артық заты жоқ,су ішкісі келседе мейірбикелерден сөз естіп су ішеді.Қазағымның айтқан сөзі бар ғой «Ей,Алла бала бер,бала берсең сана бер.Сана бермесең ала бер!» - тауып айтылған.Қазіргі заман ағынына үлгеру үшін барлығы жұмыс істеп соның ішінде әйелдер қауымы балаларын балабақшаға беріп,солардың қамымен жүр.Ал,үйде өз анаңнан алған тәрбие мұндай бассыздыққа жол бермейді деп ойлаймын.Бұны жазған себебім басқаларға сабақ болса деген ой.