Тарихқа көз жүгіртіп, бір қарасақ жеткілікті – адамзаттың қиын-қыстау заманнан талай тілерсектен су кешіп өткенін түсінеміз.
Соғыс пен ашаршылық, табиғи апат пен нәубетті, шапқыншылық пен індетті көрген. Соның бірі – бұл екінші дүниежүзілік соғыс. Жарты әлем бір-бірімен соғысып, өз күшін, өзі қуатын өзі тауысты. Әсіресе, қарапайым халыққа тигізген зардабы мен қиянаты көп болды. Оның ішінде балалар да бар.
Әрине, балалардың өмірі де өзгелер сынды қиын болды. Әсіресе, анасы мен әкесінен айырылған бүлдіршіндерді қайғы бір жағынан қысса, аштық пен жұттық қос бүйірден тағы қысты.
Бірақ тағдыр мен қиыншылықтың өзі қаршадай баланы қатқан ағаштай қып тәрбиелеп шығады. Кез келген қиындыққа мұңаймайтын жандар болып өсті.
Қанша қиын кезең болса да, баланың өмірі – бала. Қиындығымен қоса қуанышы, қызығы да бар. Соғыс кезіндегі балалық шақтың қызығы жайлы Сайын Мұратбековтің "Жабайы алма" атты повесінде қанық суреттелген. Шығарманың өзі Қанат есімді жас баланың көзқарасы мен қоршаған ортасын қабылдауы тұрғысынан жазылған.
Сол заманда балаларды қиналтқан басты мәселе – бұл ас-су, яғни, аштық. Басты кейіпкердің әжесі де, әпкесі мен анасы да колхозда таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Олардың істеген еңбегі мен игерген өнімінің бәрі соғысқа, блокадаға артылып кетіп жатыр. Ал ауылдағы қарапайым жанға ештеңе де қалмады. Қанаттың әжесі егіннен арып-аршып шаршап келіп, үйдегі балаға бір уыс бидайды немесе ұнды қуырып бергеннен басқа амалы жоқ.
Ал балалардың басты арманы да сол – тойып тамақ жеу. Балалар тіпті, осы қиындықты жеңу мен арманынан қол жеткізудің өзін қызыққа айналдырып, бір-бірімен кесіліп, түскі ас үшін қырманға астық оруға барады. Балалардың қырмандағы қызығы баяндалады.
Күзде ауыл балалардың қуаныш сыйлар тағы бір оқиға бар: ол – ауыл маңында алма ағашының жеміс беруі. Шұрылдаған асқазанды жұбату үшін бүкіл бала күндіз-түні осы ағаштың түбінен шықпайды.
Бұл кезеңдегі балалар ерте есейді. Олар соғыстағы әкесі мен ағасы, ауылдасы үшін еңбек етуге, жанұяда қалған анасы мен әжесіне қолғабыс қылуға үйренді.