Ұлылық пен кішілік.
блог
Материалдық тұрғыда үлкен дүние өзінен кіші көлемге сыймайды. Ал рухани құндылықтар әлемінде оңай емес, сырт көзге шағын көрінген нәрсенің бойында өзінен әлдеқайда үлкен, кейде ұлы ұғымдар орналаса алады. Керісінше, үлкен дүниені ұсақ түйектермен толықтырсақ ол өзінің ұлылығын жоғалтарлықтай кішірейіп қалады.
Егер адамның мақсаты биік болса, ол кішігірім құбылыстардың өзінен ақ байқалып тұрады. Яғни, болмашы дүниенің өзінде де шыншыл, адал болу керек. Жақсылыққа ешқашан да жамандық жасау арқылы жету мүмкін емес, ондай жағдайда бұл мақсат жақсы болып саналмақ емес.
Достоевскийдің " Қылмыс пен жаза" шығармасындағы сүйкімсіз өсімқор кемпірді өлтіріп, оның ақшасын адамдардың мүддесі жолындағы биік мақсатына жұмсауды ойлаған Раскольников өзінің қателескенін түсініп, іштей мүжіледі емес пе? Мақсаты қол жетпестей алыс, ал кешірім сұрай білу де - тәрбилілік.
Біреуді алдап тұрған адам алдымен өзін алдайтынын түсіне ме? Сенің "жымын білдірмей алдадым" дегеніңді өзгелер көріп, біле тұра әдеп сақтап үндемей қоя салуы әбден ықтимал.