“Ұлттық сананы жаңғырту-ұлттың ұлы мұраты”
(Н.Ә.Назарбаев)
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Біздің тәуелсіздік алуымыз ел тарихындағы ең үлкен жетістіктің бірі деп айтуға болады.Өйткені, біз бұл жетістікке оңайлықпен жеткен жоқпыз. Қайран қазақ халқы басынан қаншама қиын күндерді өткізді. Сондай қиын-қыстау заманда өзіңің қайсарлығымен, жігерлілігімен аман қалып, өз тарихын жойған жоқ.
Ұлы мұрат жолында тізе қосып іс-қылу біздің азаматтық борышымыз.” Елу жылда-ел жаңа” дегендей бүгінде еліміз біршама алдыға қадам басып едәуір өзгерді.
Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты.Бұл мақалада ұлы Абай даналығы мен Мұхтар Әуезовтің ғұламалығын тілге тиек етпесе болмайды.Қазір де ұлтымыздың басты мәселесі Абай айтқандай:”Қазақ біреуді жамандауға келгенде бірінші орында,ал өзіне мін таққызбайды”.Соңғы жылдары тіліміздің деңгейі едәуір түсіп кетті.Тілімізді қайта қалпына келтіру үшін елбасымыз латын әліпбиіне көшіруді бұйырған болатын.Осы ретте М.Әуезовтің 1929 жылы латын әліпбиін енгізу жұмысына белсене қатысқанын,латын жазуының ұтымды жақтары жөнінде салмақты ойлар білдіргенін айтпасқа болмас.Ол сол кезде қолданылған араб әліппесінің кемшіліктері қазақ тілінің жазу емлесіне де салқынын тигізгенін,араб жазуының тұсында сезілмеген бұрыңғы емленің бар кемшіліктері жаңа әліпбиге көшкен соң көзге айқын түскенін ескертеді.1940 жылы қазіргі қолданыстағы кириллица келгелі бері тіліміз тазалығын біраз жоғалтты.
Байырғы таза,тұнық тіліміздің үні өте ерекше болған.Қазіргі тіліміp айтылу,жазылу жағынан да өзгеріп кеткен.Шет аймақтарда тұратын бауырларымыз біздің қазірге сөйлеу мәнеріміз орыс тіліне тым жақындап кеткен дейді.Осыған қатысты бір профессордың басынан өткен қызықты жағдайды айтып өтсем.Бірде еліміздің профессоры Қытай еліне кездесуге барады.Қытайдағы қазақтар әңгіме үстінде:”біз сіздерге қарағанда қазақша таза сөйлейміз,сіздер орыстанып кеткенсіздер”- депті.Сонда профессор ыңғайсызданып,ойланып тұрып:Қазақстанда тұратын 15 млн қазақ таза қазақша сөйлей ме,әлде Қытайда тұратын 1 млн қазақ қазақша сөйлей ме?-депті.Сіздердің сөйлеу мәнерлеріңіз басқаша,дәлірек қытай тіліне ұқсап кеткен.Сондықтан бұлай сын айтуыңыз орынсыз деген екен.
Тіліміз біздің басты байлығымыз,оны ешкімге таптатпауымыз керек.Болашақта Қазақ тілінің әлемдік тілге айналатынына сенемін.Әлемде 6500-ден астам тіл болса,соның 200-і ғана мемлекеттік тіл.Ұлттың ең ұлы мұраты тілімізді,дінімізді әлемге таныта білу.Ұлттың тарихын,ұлы адамдарын ,салт-дәстүрін төрткүл дүниеге көрсету.
Дайындаған:Серікова Ұлнар Ербұланқызы,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.
Жетекшісі:Қозыбақова Фатима Ақынбаевна,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих және археология,этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.