Ұлттық идея болмаған жердегі жетістіктердің ертеңі күмәнді,бүгіні уақытша болмақ

Ұлттық идея болмаған жердегі жетістіктердің ертеңі күмәнді,бүгіні уақытша болмақ
жеке
блог

Адамның арман-тілегін артындағы ұрпағы жалғастырады.Сондықтан да адамзат әрқашан ұрпағының болашағын ойлауы керек.Сол үшін өмір сүріп,ұрпақ бақыты үшін күресуі қажет.Бүгінде Қазақстанда нақтыланған ұлттық идеяны анықтауға мүмкіншіліктер жеткілікті.Ең бастысы жер тұтастығы,ұлт мұратының бірлігі.Жалпы қоғам дамуына өзіне лайықты орын алуға ұмтылған халық қана ұлт бола алады.Ал бұл үшін шекара мен ұлттық құндылықтар қажет.Ата-бабаларымыз мың өліп, мың тіріліп ұрпағына қалдырған қазақтың қасиетті жерлерін келімсектердің ішіп-жеп,қаннен қаперсіз ойран салатын мекен-жайына айналдыруға жол беру,ұлт болашағының тамырына балта шабумен тең.Діни экстремизмнің пайда болуы да,тұлғаның рухани таяздығынан,жан дүние,таным түйсігінің олқылығынан.Ұлттық идеясы-мемлекеттік болмаған қоғам ерте ме,кешпе дағдарысқа ұшырауы сөзсіз.Сондықтан да ұлттық идеяны,тарихи қажеттілік деп есептеуіміз қажет.