ҰБТ-дан қорықпа!

ҰБТ-дан қорықпа!
жеке
блог

Ұлттық біріңғай тест (ҰБТ)  қазіргі таңда жасөспірімдердің басты қорқыныштарының бірі. Барлығының санасын бір ой шырмап алған "Емтиханнан   құласам болды,ары қарай бітет бәрі. Ата-анам өзі қаржыдан қиналып жүргенде одан сайын ауыртпалық түсіремін оларға"-деп саналарын жегідей жейді. 

ҰБТ өмірдің соңы емес! Алдыңнан бір есік жабылса, алла келесі есікті ашады. Ең бастысы үміт үзбеу! Сізде арман бар! Ия? Солай емес пе? Арман бар,мақсат бар,кедергі сонда жәй ғана емтиханба? Жоқ,ондай қағиданы мүлдем мидан шығарып тастау қажет! Үмітсіз шайтан,үміт ету керек,ниеттену қажет,үздіксіз еңбектену керек. Жаратушы сіздің үздіксіз еңбегіңізді жерде қалдырмайды. Ол міндетті түрде ақталады. Сол себепті еш қорықпа! 

Осы орайды балаға ата-ананың қолдауы маңызды деп білемін. Баланы жан-жақтан демеп,жәй ғана бір сөз "Сенің қолыңнан бәрі келеді,мен саған сенемін" баланы көкке ұшырып кеудесіндегі нәзік үмітті жандандырып алға жетелейді. 

Қортынды: Ең бастысы арманға деген сенім,алға мақсат қоя білу,ешнәрседен қорықпау! Осы үш факторды кеудеңе сыйдыра білсең сен үшін алынбайтын қамал жоқ!