Уайымсыз өмір сүріңіз!
блог
Жер бетінде қанша адам болса, сонша мәселе бар дегеннің өзінде шешілмейтін мәселелер одан да көп. Шешімі қиын мәселелер болады, бірақ шешімі жоқ мәселе өте сирек.
Біздің өмірдегі негізгі қиындық тудыратын көбіне материалдық мәселелер. Ақша мәселесі, жұмыстағы қиындықтар, мақсаттарымыздың орындалмауы т.б. Бұл қиындықтармен қалай күресіп, жеңіп шығуға болады?
Бұл сұраққа Дейл Карнеги «Уайымдауды доғарып қалай өмір сүруге болады» атты кітабында былай жауап берген:
«Сізге қиындық тудырған мәселенің одан ары қиындап, сіз үшін ең жаман көрсеткіші қандай болуы мүмкін? Қазіргіге қарағанда мәселеңізді әлдеқайда ушыққан күйін елестетіп көріңіз. Соны ойлаңыз. Сол оқиғаға тап болғанда не жасайтыныңызды асықпай саралаңыз».
Бұл сізге не береді? Мәселені одан әрі қиындауын ойлау не үшін керек? Бұл сұрақтарға қарапайым түрде жауап беру үшін бір оқиғаны сізбен бөлісейін.
Бірде баскетбол үйірмесіне жазылған, мектеп құрамасында ойнайтын бір туысым менің бұл ойын түріне қызығушылығым барын байқап, маған қалай жаттығып, дайындалатындарын бөліскен болатын.
Баскетбол сақинасы еденнен 3 метр биіктікте орналасқан. Сол себепті баскетболшылар биіктікке секіруден жоғарғы көрсеткішке ие. Бірақ бұл нәтижеге жету үшін олар дайындық кезінде аяқтарына құм салынған қапшықтарды байлап, сақинаға секіріп дайындалады екен. Одан бөлек баскетболшылардың ойын кезінде допты алыс қашықтан, үштік сызық сыртынан лақтыруы таң қалдырады. Бұл тәсілді меңгерудің де өзіндік дайындығы бар. Жаттығу кезінде үштік сызықтың сыртынан допты сақинаға лақтыруда олар қарапайым емес, әлдеқайда ауыр, ішіне құм толтырылған допты пайдаланады. Сол себепті ойын кезінде баскетболшылардың лақтырған ойын добы қаңбақтай ұшады.
Менің айтқым келгені баскетболшылар аяқтарына құм толтырылған қапшық киіп, қарапайым доптан әлдеқайда ауыр ете отырып, жағдайды қиындата түседі. Ал ойын барсында сол әдістерінің жемісін көреді. Олар бұл тәсілдерді пайдаланбай-ақ дайындалуларына болады. Бірақ дәл мұндай көрсеткішке жете алмайтыны сөзсіз.
Мысалы егер біреуге 10 мың қарыз болсаңыз, оны 20 мың немесе тіпті 30 мың деп елестетіңіз. Ондай жағдайда не істер едіңіз? Сізге бұл жағдайда қазіргі өзіңіздің бастапқы мәселеңізді шешу анағұрлым тиімді, оңай болары анық.
Өз мәселеңізді ушыққан күйінде елестете отырып, оны қабылдап сіз қазіргі қиындығыңызды оңай жеңесіз. Мәселенің ең нашар күйін ойлай отырып алға басыңыз. Кейде алға жылжу үшін, бір қадам артқа жылжу қажет болатынын естен шығармаңыз.
Алдыңа қойған мақсатыңның орындалғанын қаласаң, одан да биік мақсат қой!
P.S. Кейде тек қана алға қадам жасап, тура жүру ақымақтық.( Умный в гору не пойдет, умный гору обойдет)