Тыйым салынған махаббат!

Өмірдің өткелдерінде қаншама адамдар,қанша қиыншылыққа ұшырайды. Сол қиын өткелдерің жастар арасындағы ең өзектісі Махаббат алегі емес пе?! Жалпы қазіргі таңда жастардың махаббат жайлы түсінігі ерте қалыптасып жатады. Олар жастайынан біріне бірі ғащық болып,сезімнің кейде ащы, кейде тәтті дәмін сезініп жатады. Жастардың дамуындағы бұл өзгерістерді біреулер қолдаса, біреулер қазақтың менталитетіне жат деп жатады.

Бірақ менің бір түсінбейтінім бір адамға ғашық болу, оған ынтық болу қалайшы жасқа немесе ұлт пен ұлысқа байланысты болуы мүмкін. Қазақтың тәліміне жат деп жатқан адамдардың көбісі орта буынды аға-апаларымыз екені бәріне аян әріне. Бірақ сол аға-көкелеріміздің өздері тарихтың түбіндегі деректерді ұмытқан іспетті. Кезінде қазір бізге 21де жассың деген ағаларымыз 13тен асқан қызына отырып қалдың деп сөккен емес пе?Жастықтың дәмін сезінгісі келгкн үрімдей дас қыздарды жасы сексеннің сегізінен асқан шалға да берген.Және ол кезде байқұс қыздың ойына да,жасынан да қарамаған.Бір сөзбен айтқанда озбырлықпен бергенғой сол қыздарды.Сондағы мақсаты қызының ерте әйел бақытын сезініп қалсын дегені болар.Ал қазір заман басқа,талап та,таңдау да басқа.

Жастар бұрынғыдай бірін бірі көрмей, танымай жабайы адамдарға ұксап қосылмайды. Олар бірінші танысып алады,бірге қыдырып, романтикалық кештер өткізеді,кейде ұрсып та жатады. Бірақ сол арқылы олар бірін-бірі жақсы танып алады. Өмірлік серігінің жаксы да,жаман да жағын біліп алады. Есесіне сол арқылы ертеңгі күні басқосып жатса бірін бірі жарты сөзден түсінеді,қалауларында алдын ала біліп біраз жанжалжың алдын ала алады. Сондықтан да менің айтарым бірін бірі ұнатқан екі адам,жас болса,бірін бірі қалап тұрса олардың жалындаған жастық шағында өмір қызығын көріп қалуларына тосқауыл болудың қажеті жоқ. Қанша дегенімен бұл қазіргі заманның емес адамның талабы екенін түсінуіміз керек емес пе?



Бөлісу: