Қазіргі таңдағы салалардың дамуына байланысты түркі өркениеті жайында ақпараттар да көп.Сонымен қатар бізге қалдырып кеткен мәдени мұралары да жетерлік.Жалпы айтатын болсақ әр дерек әртүрлі сипатқа ие болғанмен,мұралардың бәрін біріктіретін зат – олардың тарихи маңызы.Ежелгі қазақ мәдениеті деп айтып бастағаннан-ақ біз түркілер жайында сөз қозғаймыз.Не себептен?
Қазіргі қазақ мәдениеті-сол кездегі түркі өркениетінің жалғасы.Сол себептен де бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты.Оған бірнеше дәлелдер келтіре аламыз,мысалы біздің мемлекеттік туымызда көктүріктердің көктәңірін еске салатын көк түс пен тәңірліктің белгісі саналатын күн бейнелеген. Тағы бір қарапайым мысал:біз өз мемлекетіміздің белгісі ретінде Түркі мемлекетінің белгісі шаңырақты қолданамыз.Нақтырақ ол елтаңбамызда бейнеленген.Ал енді руханятқа келетін болсақ,сол кездегі түркі мемлекетінің шаруашылықтағы,тұрмыстық жағдайдағы ерекшеліктері қазақ мәдениетінің бастауы болды.Оған дәлел- көшпенді өмір салты.Өмір сүрудің бұл дағдысы елімізде қалаларға қарағанда ауылдарда сақталды.Әлі күнге дейін маңызын жоғалтпады.
Қорытындылай келе айтарым,Түркі империясының асыл мұралары- біздің тарыхымыздың баға жетпес қазынасы.Оның маңыздылығын сақтап,түсіну және де келесі ұрпаққа тапсыру мына біз тек қазақтарға ғана емес күллі түркітілдес мемлекеттерге тиісті борыш.Осыны есте сақтағанымыз жөн.