Уақыт тартқан жебеден жүйрік келеді деген сөз шындық. Міне, көзді ашып жұмғанша Киелі тұран даласы өз алдына облыс болып, «Түркістан» деген атауын қайтарғалы бір жарым жыл уақыт өте шыққан екен. Осы орайда біз қазақ даласындағы зиялы деп танылған 300-ге жуық адамнан пікір жинаппыз. Ендігі кезек баталы сөзімен, аталы ойды арқалып Жамбыл облысының атқамінер азаматтарының пікірлерін назарларыңызға ұсынбақпыз:
Несіпбек Дәутайұлы, Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры: «Бұл Қазақстанның хана емес Түркі әлемінің алдындағы үлкен жауапкершілік»
Тәу етер тәуелсіздіктің арқасы мұның бәрі. Азаттық алған елдің арыны бөлек келеді. Қазіргі таңда біздің әлеуметтік жағдайымыз едәуір түзелді ғой. Енді біз руханиатымызды іздеп келеміз. Осы орайда Осыдан екі жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан Түркістан болып өзгертілді ғой. Бұл Рухтың оянуының бастамасы.
Иә, өте күрделі шешім. Бұл Қазақстанның хана емес Түркі әлемінің алдындағы үлкен жауапкершілік. Оны сезіне алуымыз керек. Жалпы өзімнің де сенімім мол Түркістанның болашағына. Бұл көне тарих пен жаңа заманның шағылысқан тұсы ғой. Тарихтан болашаққа қарай бағдар беріп тұрған алтын көпір болса керек.
Жалпы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осында жатыр. Түркі жұрты түгел осы Түркістанға қызығып отыр. Бұл қасиетті топырақ, түркінің кіндік даласы. Сондықтан ол Алланың қазаққа берген бірегей олжасы деп айтуға толыққанды негіз бар. Ендігі кезек біз осы құндылықтарымызды одан әрмен дамытып, одан әрмен әспеттеуіміз шарт.
Тағы бір фактор ол – адам. Түркістан жұрты әуелгі заманнан-ақ еңбекке өте епті. Ол сауда болсын, ол басқа болсын. Сондықтан болса керек, бұл жаққа тартылған әр еңбек ресурсы өзін ақтамай қоймайды. Құрылыс, өндіріс секілді салалар осы өңірде кенжелеп тұр. Мен сол факторге қатты таң қаламын. Екі қолынан бір күрек сұраған елге жұмыс ұсынылуы керек.
Еңбекті бағалай білген жұрт қой. Иә, кейінгі екі жылда көп өзгерістер орын алуда өңірде. Құрылыс, жаңа зауыттар ашылуда. Жаңалықтардан оқып білудеміз мұның бәрін. Қуанып жатырмыз. Халқы тығыз орналасқан қонақжай, бақытты жұртқа басқа не керек?
Сөз соңында айтар түйін мынада: Түркістан киелі атырап. Елбасының бұл шешімі тарихи шешім. Ендігі кезек Түркі даласының қасиеті мен киесін тұтатып отырмыз. Сол ошақты сөндірмей, келешек ұрпаққа ұсынғанымыз абзал. Сол жақтағы бауырларымызға Алла жар болсын.
Наурызбек Сарша: «Аристократ» журналының бас редакторы: «Мұның өзі халықтың ыстық ықласының көрінісі болса керек»
Түркістан өзі болмысынан бөлек жаратылған дала, болмысымен дараланған ерекше қала ғой. Жалпы ол жаққа барғанда белгісіз күштер еңсеңді түктеп, болмысыңда молайтатын сияқты күй кешесің. Ауасы сонда ма, аура сондай ма мен білмеді.
Иә, Елбасының сондай ұлағатты шешімінің куәгері болдық бір жылдан астам уақыт бұрын. Сүйсінбеген адам қалмаған шығар. Менің фейсбуктегі парақшам бір аптадай мадақ пен мақтанышқа толы посттардан көз ашпады. Мұның өзі халықтың ыстық ықласының көрінісі болса керек. Түркістан түркі дүниесінің алтын кіндігі. Мен түркімін деп санайтын әр азаматтың рухани орталығы, кішкене Меккесі ғой. Сондықтан шет елден оның үстіне Түркия сияқты дамыған елдерден келетін инвестициялардың нарықтық көзіне айналары сөзсіз. Байқап қарасаңыз бар болғаны бір жыл ішінде ғана қанша инвестиция құйылды аймаққа. Оның үстіне өңірдің бағы жанды деуге толық негіз бар. Себебі аймақтың тізгінін кіл білікті мамандар ұстап келеді. Алғашында Жансейіт Түймебаев мырзаның бастамасымен әкімшілік толық көшті. Кейінгісі Өмірзақ Шүкеев мырза мен түрленіп, гүлденіп келеді.
Иә, қазір өңірге түбегейлі өзгеріс қажет емес сияқты. Себебі бұл аймақтың өзіндік басымдылықтары бар. Ол алдымен еңбек ресурсы. Адам санының көптігі. Екіншісі табиғат ресурсы. Ол егістік пен мал шаруашылығына деген ыңғай мен ептің басымдылығы емес пе?
Меніңше осы екі факторды алдыға тарта келе келген инвестициялар арқылы өңірді аз уақыт ішінде гүлдендіруге болады. Оған біздің еліміздің экономикалық қуаты да, білікті мамандарды жасайтын кадрлық қуаты да жеткілікті.
Сөз соңында елбасының осы бір ұтымды шешімін ұлықтап, Түркі даласының екінші Меккесі Түркістанды гүлдендіруге барша қазақстандықтар ат салысса екен деген ниет білдіргіміз келеді. Алла туымызды биіктетіп, рухымызды асқақтата берсін.
Арайлы Жақсылық, ақын: «Біз де сол жаңғырықтың ішіндеміз»
Түркістан – алтын құрсақты топырақ. Елдің оңтүстігінде орналасқан бұл атыраптың айтары – ұшар теің шығар. Түйір опырағының өзінен том том тарих шығаруға болады деп сенеміз. Соныдқатан болар Түркістан біздің Рухани астанамыз. Біз деген түсініктің ішінде тек қана қазақстандықтар ғана емес, тамырлас түркі жұртын айтып отырмыз.
Иә, тегі қазақтан шыққан ұлы азаматтардың ақтық сапарға осы топырақтан аттануы теген емес қой? Батырларымыз, патшаларымыз, билеріміз, сақиларымыз, әлие-әмбиелеріміз де осы топыраққа жамбасын тигізген. Себебі ұлы адамдардың барлығы олардың түпкі тамыры осы топарқпен байланысты екенін жақсы білді.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған шешімі туралы жақсы пікір жар салып жаңғыруда. Біз де сол жаңғырықтың ішіндеміз. Себебі мұншама қадірлі топыраққа соншалық зор назардың салынуы – трихи әделеттіліктің орнауына пара-пар дүние ғой.
Мағжан ақынның: «Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түркінің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Таңірінің бізге берген несібі ғой»,- деп жырлауында терең астар жатыр. Бұл астарды түсініп білуіміз үшін бір ғұмырдың өзі аздық етеді. Сол себепті Елбасының бұл шешімі оның көрегендігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр деп есептейміз.
Бұл күнге дейін Түркістан ішкі туризмнің тірегіне айналып үлгерген еді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған жұрт зиарат жасап, ем іздеп, болмаса көне архитектураны көргісі келіп келетін еді. Енді дара облыс болды. Демек бөлінетін қаражаттың да ауқымы артты деген сөз. Осы орайда қасиетті һәм құпиялы топырақтың халықаралық туризм орталығына айналдыру мүмкіндігі туып отыр. Бұл елдің иммиджі мен қатар экономикалық әл-ауқатын көтеру жолында үлкен жетістіктерге жеткізетін еді.
Табиғат Абайділдаев, ақын: «Түркістан деген сөздің түп артында түркілер мекен еткен топырақ деген сөз жатыр»
Түркістанды глабальды тұрғыдан меншіктеу әбестік деп білемін. Бұл қазақтың ғана емес, күллі түркі танымының ортақ еншісінде жатқан ұғым. Жалпы «стан» деген сөздің түп тамырын білесіз ғой. Ол мекен еткен жер дегенді білдіреді. Сондықтан Түркістан деген сөздің түп артында түркілер мекен еткен топырақ деген сөз жатыр.
Иә, біздің, яки түркілердің бастау алатын топырағы осы тұста демек. Қазақтан шыққан әр-бір ұлы тұлғалар ақытық сапарына осы топырақты қымтап жатуды мұрат еткені содан болса керек. Бір уыс топырақ бұйырғанының өзі үлкен бақыт іспеттес қой.
Елбасының тарихи шешімі болды бұл шешім. Өзім қатты қуандым. Бүгінде өңірде қарқынды жұмыстар жасалып келеді. Десе де осы аймақты дамыту жолында екі факторге көп назар салуымыз керек. Ең әуелгісі ауыл шаруашылығы. Бұл жақта күннің жылы кезі басым. Демек мал шаруашылығы мен егістік үшін аса қолайлы бұл аймақ. Ендігі кезек тартылған ивестиция мен бюджеттен бөлінген ақшаны осы бағытта жұмсағанымыз абзал сияқты. Бұл бағыт өз-өзін ақтамай қоймайды.
Екіншісі – туризм. Түркістан бұл күнде ішкі туризмді жақсы дамытты. Алайда ішкі туризмдегі адамдарды қарсы алу шығарып салу мәдениеті жағында бірқатар сұрақтар бар. Өңірге қонақ үйлер мен жаңа құрылысты көптеп салу керек. Және сыртқы туристерді тарту үшін көп жұмыстар жасалу керек деп есептейміз. Бұл біріншіден экономикалық патенциялы зор аймақ. Екіншіден елдің бренд ретін қалыптасуына түрткі болады.
Түркияның өзі осы топырақты шыққан тегіміз түлеген төріміз деп мойындап отыр. Сондықтан осы бір бағытты толық зерделеп, зерттеп оны дамытуымыз керек.
Сөз соңында өңірдің дамуына деген тілектестігімізді жеткізгіміз келеді. Өңірдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың дамып келе жатқанын көріп, көзіміз қуанады. Ендігі тілек осы қарқыннан таймасақ екен дейміз. Себебі бұл жұмыстар күллі Қазақстан үшін үұлгі болмақ.
Элмира Мырза-Ғали: Жамбыл-Тараз газетінің бас редакторы: «Түркістан ежелден Ұлы Жібек жолының бойында жатқан қала, киелі шаһар»
Бұл күнде Түркістанның қандай қарқында дамып келе жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұл айтарлықтай жеңіс, осындан бірер жыл бұрын Елбасы қабылдаған тарихи шешімі беріп отырған жеміс деп білеміз. Иә, мұншама қарқынды даму, толағай табыс, тартылып жатқан инвестиция күштері басқа өңірлерге үлгі бола алатындай ауыз толтырып айтатын еңбектің көрінісі ғой.
Түркістан ежелден Ұлы Жібек жолының бойында жатқан қала, киелі шаһар. Дегенмен, бұл жаңалық тек осы оймен, сыртқы форма үшін жасалды деп ойламаймын. Оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстанда аса ауқымды жұмыстар басталып, ірі-ірі жобалар қолға алынып жатыр. Көрші мемлекетпен қатарласып, біздің шекара бойында жатқан облыс та одан әрі қарқынды түрде дамуға тиіс. Оған мүмкіндігі, әлеуеті жеткілікті. Осы жағынан алғанда, бұл жаңалық біздің еліміз үшін, жаңа атауға ие болған облыс үшін тиімді болады деп ойлаймын. Сондықтан Түркістанның облыс орталығы болғанына қуаныштымыз, әрі қарай жан-жақты дами беретініне сенеміз.
Иә, бірнеше фактор Түркістанның өз алдына облыс болуына итермеледі. Оның әуелгісі адам факторы. Себебі Оңтүстік аймақ өте тығыз аймақ. Халық санының басым бөлігі осы далада табан тіреп отыр. Оның үстіне бұл аймақтың азаматтары қазақылықтың қаймағын бұзбай ұстап отыр. Бұл біздің роухани жаңғыруымыз үшін таптырмас фактор. Оның үстіне бұл аймақтың азаматтары аса еңбекқой және икемді келеді. Сондықтан өңірде алдағы уақытта ашылатын зауыттар мен өнеркәсіптердің қарқынды жұмыс жасауы үшін көп жағдай жасалды деп сенеміз.
Ендігі кезек тарихи факторлаға көңіл бөлсек. Түркістан түркі өркениетінің қай тұсында да өз биігінен төмендеген жоқ. Экономикалық тұсынан да, саяси тұсынанда бұл қаланың алатын орны әуелден ерекше еді. Елбасының бұл шешімі Түркістан даласын өз биігіне қайта әкелді. Бұл шешім ертелі-кеш қабылданатын еді. Себебі қазір елімізде экномикалық тұрақтылық орнады ғой. Кезек рухангиятымызда. Ал Рух сөзімен Түркістан ұғымы қазақ үшін, түркі әлемі үшін егіз ұғым.
Болат Бекжанов, Жамбыл облыстық драма театрдың директоры: «Түркі жұртының тарихи мұрасы, тірі төлқұжаты»
Түркістанның өз алдына облыс болуы – берекені бастауы. Тегі қандай да бір өзгеріс, тың шешімнің барлығы күмәнмен қабылданатыны анық қой. Бұл психология. Десе де Түркістан туралы шешім шыққанда қарсылық не болмаса күмән сезілмеді ғой. Бұл бір-ақ нәрсенің көрінісі деп білеміз. Тегі қазақ жұртыц бұл шешімді күтті. Сондықтан туралап айтылған кесімді уралап қарсы алдық.
Түркістан бұл күнде Қазақстан үшін не мағына береді? Әлбетте руханият, әлбетте туризм, нақтылап айтсақ ішкі туризм. Бұл өңірдегі туризмнің екі тірегі бар. Оның әуелгісі тарих, кейінгісі халықтық медицина емес пе? Ендігі кезек, Түркістан өз алдына облыс болды. Енді осы екі факторды одан әрі дамыту керек. Бұл адалның патенциялы зор. Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, өндіріс, туризм салаларын дамытуға өте көп мүмкіндіктер жасалғанын жақсы білеміз.
Елбасымыз жаңа облысты «Түркістан» деп атау арқылы аса маңызды тарихи шешім қабылдады. Өйткені «Түркістан» ұғымы күллі түркі дүниесіне ортақ рухани һәм қастерлі есім. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұған дейін бұл қаланы халқымыздың рухани астанасы деп үнемі айтатын Тіпті сонау 90-жылдардың басында Түркістан шаһарын жеке мәртебесі бар орталыққа айналыру жөнінде де пікір өрбіген-тін.
Бұл орайда Мемлекет басшысы ұзақ ойланып, әбден иі қанып, пісіп-жетілген сәтті қалт жібермей шешім қабылдады. Өйткені көнеден келе жатқан арысы түркі дүниесіне, берісі қазақ хандарына астана болған бұл шаһардың кейінгі ұрпақ үшін, қазіргі еліміздің саяси ұстанымына айналған жаңғырудың іс жүзіндегі көрінісі үшін аса маңызы бар.
Сөз соңында мынаны айтқымыз келеді. Түркі жұртының тарихи мұрасы, тірі төлқұжаты болған бұл атыраптың берекетін енді алуымыз керек. Себебі тамырдан ажырап бара жатқан өскелең ұрпақ үшін бұл аймақтың тарихи ұлағатты қазына.
Динара Төлеу, филология ғылымдарының магистрі: «Тарихтан білетініміздей Түркістан Түркі халықтарын белгілі бір ынтымақтастық, бауырмалдықта ұстап тұрды»
Түркістан – жастардың қаласы. Мұндағы халықтың басым бөлігі жастар. Иә, бұл фактордың тағы бір көрсеткіші сол жастардың қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп, табыс табуынан ақ аңғаруға болады. Десе де Елбасының осы бір шешімі, Шымкентті республикалық маңызы қала етіп, Түркістанды өз алдына дербес облыс етуі жергілікті жастардың өз топырағында қалуына көп себін тигізеді деп сенеміз.
Тарихтан білетініміздей Түркістан Түркі халықтарын белгілі бір ынтымақтастық, бауырмалдықта ұстап тұрды. Түркі әлемінің рухани, мәдени астанасы болды. Қазір Түркістан қаласының облыс орталығы деген атының үлкен мәнге ие болып, ұлы қатынастарды қайта жаңғыртуы бек мүмкін. Қаланың экономикалық мүмкіндігі мен облыс орталығының экономикалық мүмкіндігі аспан мен жердей. Бұрыннан келе жатқан, ғажайып жәдігерлер көтеріліп, халықаралық дәрежедегі туризмнің дамуы, мәдениетіміздің тарауы қандай болатынының жобасын көрдім. Жаратқан иеміздің бізге деген үлкен мейірімі, рақымшылығының арқасы бұл. Құдай қаласа әрбір Түркі азаматы осыған атсалысып, үлес қосса бұл ғасырдан ғасырға атағы кете беретін үлкен істің басы болмақ.
Түркістан қаласының облыс орталығы болып, әрі облыстың Түркістан облысы болып аталуы Түркістанның жаңғырған бейнесінің, рухани жетілген бейнесінің көрсеткіші. Соған дайындығы. Осыған дейін жасап келген ғажайып мүмкіндігі кеңейе бермек. Бір кездері Қазақстан деген мемлекетті білмеуі мүмкін елдер енді Түркістан деген жерді ерек көңілмен елең ете қалып, Қазақстанды елестететін болмақ.
Иә, Елбасының бұл шешімі бір ғана қадаммен басталып бірнеше бағыттағы пайдасын мен бақуатты үлесін бермек қуаты бар. Бар жағы бір жарым жылдың ішінде жасалған еңбектердің нәтижесінен бұл шешімнің қаншалықты маңызды әрі тарихи шешім екенін көрсетіп отыр.
Мирас Үйсінбаев, «Майқы би» танушы, жас ғалым: «Бұл сол тарихтың жаңғыруы болды»
Түркістан десе көзімізге күмбезді архетиктура, күмбірлеген қоңыр үні, киесі киік үркіткен ұлағатты тарих елестейді. Бұл елес ешкімді әлі алдап көрген жоқ. Ақиқаты сол ғой. Түркістан Мағжан ақын айтпақшы екі дүниенің есігі болып отыр. Бұл біздің тарихымыз бен болашағымыздың арасындағы алтын көпір іспеттес.
Осыдан бір жарым жыл бұрын Елбасы Түркістанды өз алдына дербес облыс қылып мәртебесін өсірген еді. Бұл сол тарихтың жаңғыруы болды.
Түркі халықтары б.з.д. V-VIII ғ.ғ аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай жағы болған. Бұл ғылымда бәр дүние. Дегенмен, дүние жүзі халықтары алдында Түркі әлемі үлкен абыроймен, беделмен мәдениетін, әдебиетін, күш-қайратын танытқан біздің ұлы бабаларымыз. Олар сонау Еділ батырдан бастап, кейінгі Македонскийдің өзінің бетін қайтарған тағы да біздің Түркі әлемі. Баяғы Кийр патшаның басын алып, қанға тұншықтырған Тұмар патшайым секілді көптеген батырларымыз Осман империясын құрғанын тағы білеміз. Түркістан облысының құрылуы осы Түркі әлемнің, рухани қуатының, күш-қайратының қайтадан жаңғыруының негізін қалауы. Шашырап бара жатқан жан-жақтағы Түркі ағайнның, Түркілік ұйымдардың басын қосу басты мақсат. Оған арнайы қаражат бөлініп, ішкі саясатын көтеру, идеологиясын жіті қадағалап, бағдарлап жасау мәселелері бар алда.
Иә, тарихтан аттап өтетін біз ешкім емеспіз. Десе де Түркі әлемі біріксе тамырын балаталап бұза алмайтын алпауыт күшке айналатын еді. Бұл үшін алыс жақындағы ағайынның экономикалық-әлеуметтік жағдайы, кемі сол жағдайға деген патенциал жетіп тұр. Ал Түркістан сол ағайндас елдердің бірігуіне әкеліп соғатын алып күшке айналуы мүмкін.
Сөз соңында Елбасының бұл шешімін тарихи шешімде шегелеп айтқым келеді. Ендігі кезек баталы елдің, қадірлі жердің түрленуіне көз тойдырып қарауды жазсын деп тілегіміз келеді.
Хамит Есаман, ақын, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі: «Бұл өңірде махаббат та бар, батырлық та бар, елдік те бар»
Түркістан – үлкен романтика. Бұл біздің төл романтикамыздың көрінісі деп білемін. Өзіңіз аңдап қараңызшы. Бұл өңірде махаббат та бар, батырлық та бар, елдік те бар... Тарихын парақтап ашып отырғанның өзінде өне бойың шымырлап, өзегіңе рух ұялайтындай.
Бұл тарихқа қызықпайтын кім бар? Бұл мұра. Оны аялап та, ардақтап та ұстауымыз алғы шар емес пе? Нақытлы шарт бұл.
Бұл әлбетте сүйіншілеуге тұратын жаңалық. Шымкенттің республикалық маызы бар қала болуы – үлкен қадам. Алдағы уақытта шырайлы қала оңтүстік өңірдің мәдени, рухани әрі спорт бағытындағы ірі орталығына айналуы тиіс. Оған оның ресурсы да, мүмкіндігі де жетеді.
Түркістан облысына оралатын болсақ. Жаңа облыстың отау көтеруі оң бастама. Бұл өңірде халық өте тығыз орналасқан. Адам саны көп. Басым бөлігі жастар. Демек еңбек ресурсы жеткілікті. Алдағы уақытта Түркістанға ең керекті дүние – ірі өндіріс орындарын ашу. Бұл аймақтағы жұмыссыздықты жояды. Ең қызығы еліміздегі ірі кәсіп орындар Солтүстік өңірлерде орналасқан. Ал еңбек ресурсы, демек адамдар оңтүстікте. Осы парадокс туралы үкімет ойланса деймін.
Жаңа өнеркәсіптер Түркістан қаласының маңында бой көтерсе. Халық тығыздығына байланысты бұл жердегі ауылдық елді мекендер бір біріне өте жақын орналасқан. Онда қаншама азаматтар күн көріп жатыр. Оларды жұмыспен қамту керек.
Малмен, егістікпен көн көріп жатқан қаймана жұрт – өте еңбекқор. Сондықтан бұл өңірлерде өнеркәсіпті батыл әрі жылдам, әрі мол ашу керек. Бұл өңірдің әлеуметтік жағдайын арттырады.
Екінші фактор бар. Түркістан шекарада тұрған облыс. Сондықтан оның экономкалық әрі даму факторы сес көрсетіп тұуры керек. Бұл біздің экономикалық қуатымыздың дәлелі болады.
Сөз соңында айтатын пкірі мынада. Түркістан қазақстанның рухани ордасы, ендігі кезек оның экономикалық тірегі болуға патенциалы зор. Бұл мүмкіндіктерді қалт жібермегеніміз абзал деп ойлаймын.
Әлімжан Бірджанұлы, ақын: «Түркістан Қазақстанның әлемдік аренада үнін шығара алатын Астана секілді алып трибунасына айналады деп сенеміз»
Төрткүл дүниені қонақ қып төрін ұсына алар, төрт тараптан керуен келсе де қарсы алатын, ер Түріктің ертеден келе жатқан бесігі- Түркістанның бүгінде облыс атануы Алаш баласының қай қайсысын да қуантпай қоймады. Орта Азияның мәдени-рухани астанасы болар осы өлкеге облыс статусын беру бірден-бір дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Барша қазақ жұрты бек қуанышты екені сөзсіз.
Түркістан облысы түркі халықтарының басын қосатын рухани орталыққа айналады. Астана еліміздің қаржы орталығы болса, Түркістан рухани орталығы болар сөзсіз. Ол қалай облыс болып дамып кетеді деген қарсы пікірлер де айтылды. Алайда, 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілгенде де ол жақта ештеңе болмаған еді.
Елбасымыз 20 жылдың ішінде əлем танитын Астананы көтерді. Сол сияқты Түркістан облысы да жан-жақты қолдаудың арқасында көтеріледі. Қайта қазіргі уақытта ол бүрынғыдай қиындық тудырмасы анық. Болашақта Түркістандағы ғимараттардың барлығы Шығыс елдерінің стилінде салынатын болады. Атақты хандарымыздың, киелі ата-бабаларымыздың сол жерде жатқаны бекерден бекер емес. Олар сол кезде ол өңірдің киелі екенін білген.
Енді Түркістан түркі халықтарының орталығы болады. Елбасының бес əлеуметтік бастамасы тек сөз жүзінде айтылып қоймай, іске асырылады. Өңірде шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетіліп, өнеркəсіпті дамыту қолға алынады. Жеңіл өнеркəсіпті дамыту қолға алынады, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын жетілдіреді.
Түркістан – түркі әлемінің рухани орталығы. Бұл біздің бір тұтас, ұлы ұлыс болғанымызды айғатайды. Иә, қазір бас басына мемлекет, дербес саяси күшке айналып отырмыз. Алайда, біздің басты қаруымыз қашанда – бірлік еді.
Ойды түйіндесек. Түркістан Қазақстанның әлемдік аренада үнін шығара алатын Астана секілді алып трибунасына айналады деп сенеміз. Бұған біздің әл ауқатымыз, халықтың арман тілегі жетіп отыр.
Дайындаған: Аян АЗАМАТ