Былтыр... Тура бір жыл бұрын... Қаршадай қыз нән Алатаудың құшағына еш уайымсыз еніп кетіп еді... Жанында Көкесі, оның түрік бауырларымен бірге Райымбек бастауына ой-қамсыз кетіп еді... Әлемнің әдемілігіне, шексіздігіне сеніп, рахаттанып келе жатып, қателескенін түсінді. Жоқ, әдемілігіне сөз жоқ. Бірақ шексіздігіне шүбәм бар.
Көкесінің телефонымен суретке түсіріп жүргенде, оған бейтаныс нөмірлер шалынып жатты. Мән бермеді, ол да, Көкесі де. Тау құшағынан, саф ауаның құшағынан шыққаны сол еді, қоңырауға жауап берді. Үйінделігерінен "Гүлжанар" дегенді естімей өскен ерке қыз телефон ар жағынан есімінің аталғанын естіді. Ақ Папасы "Гүлжанар" дегенді айтқызбай, "Бошалақ" деп ат қойған болатын. "Гүлжанар" дегенді айтқызбайтын адамның жоқ болып кеткенін сезді...
Сезгені былай тұрсын, жаңа көрген әлемнің қуықтай қуыс екенін, шексіздік дегеннің жоқ екенін түсінді. Ешкім жалпағынан жатқан сегіздің бойында өмір сүре алмайды екен. "Бағанадан бері ала алмай отырмыз, Гүлжанар..." дегенді естідім.
Мыңтөбенің құмынан шыққан талғампаз нар тұлғасы. Аттарды қатты жақсы көретін. Киелі малдың бар ерекшелігін білетін оның аттарына дейін талғампаз. Ол қайтпас бұрын жайылып жүрген жылқылары ақ "Нивасын" алыстан танып, қасына келетін. Ол қайтқаннан кейін де көлігін алыстан танитын болды. Бірақ, ішінен басқа адам түскен соң қайрылмайтын да болған... Жарықтық...
Бір жыл күткенде, "Папа, биеңді әзірлей бер, гостан 98 алдым" деп сүйінші сұрайтын ем. Сүйінші сұрайтын дүниелер көп қой. Тағы біраз күткенде ақ батасын берер ме еді... Ары қарай жаза алмаймын...
Сені жақсы көремін! Сәлеммен, сағыныштан сарғайып кеткен Бошалағың...