Түлектерді не толғандырады?
Қазіргі жастарды не толғандырады? Әрине әртүрлі болуы мүмкін. Менің ойымша, жастардың жас мөлшеріне байланысты сияқты. Олай деуімнің себебі, түлектер үшін мектеп бітіргеннен кейінгі өмірі, ал студенттер үшін оқуы, бітіргеннен кейін жұмыс мәселесі, ал орта жастағылар үшін отбасы тағы сол сияқты мәселелер толғандыратын рас. Бұл бітпейтін күйбең тіршілік секілді көрінеді. Бірақ әр адам алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жеті үшін аянбай еңбек ету керек. Мен өз басым билығы 11- сынып бітірген түлекпін. Мені қазіргі кезде алаңдататын мәселе әрине алда болатын ҰБТ және Жоғары Оқу Орнына Мемлекттік грант иегері болсам деген мақсатым. Бұл тек қана менің емес жыл сайын мектеп бітірушілердің арман-мақсаты десек болады. Кім қаламайды дейсіз бәріде грант иегері болғысы келеді. Әрине кейбіреулер қаражаты болса ақылы оқу орнына түседі. Шыныменде оқу бітірген түлек үшін « қандай мамандық иесі боламын?», « қай қалада, қай университетте оқимын?», « ҰБТ-ны қалай тапсырамын?» , «Ата-анамның оқуға қаражаты жете ме ?» тағы сол сияқты сұрақтар жасыратыны жоқ мазалайтыны рас. Әрине бұл түлек үшін мол жауапкершілік. Алдында бір үлкен сынақ тұр. Кім білсін біреу сол сынақтан сүрінбей өтіп, грант иесі атанар. Ал кейбіреуі өкінішке орй ойдағыдай болмауы мүмкін. Бірақ бізде мүмкіндіктер өте көп. Биыл, жастар жылы. Осы орайда гранттар көп бөлінеді. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек. Қазіргі жастарға уақытта ақыл айтудың өзі қажет емес. Себебі, қазіргі кезде ағаның ініге қалдырған өсиеті жүзеге аспайды. Мен жастарға барынша еркін болғанын, өз таңдауын, өз құқығын білуін қалар едім.Биылғы жас түлектер сіздерді мектеп бітіріп, жаңа өмірге аяқ басқандарынызды шын жүректен құттықтаймын. Студенттік өмір мәнді де сәнді, қызықты да есте қалатын оқиғалар көп болсын деп тілеймін. Алда келе жатқан өміріңіздің бір сынағы деп біліңіз. Қандай жағдай болмасын, еш мойымай тек алға қарай жылжыңыз, бастысы тоқтап қалманыз. Сәттілік серігініз болсын!