Қазақ елі өзінің тұғырын қалаған кезден бастап, түрлі қилы замандарды бастан кешірді, қазақ деген азат елге біреуге тәуелді болуы қиынға соқса да, азаттықтың сәтін күтуді тоқтан емес. Керей мен Жәнібек хандарымыз біздің халқымызды Өзбек хандығынан жау болып, қан төгу үшін емес, азат ел болу үшін керегемізді бөліп бөлек шығарды. Алайда қилы заман мықты адамдарды, мықты адамдар бейбіт заманды құрса, бейбіт заман әлсіз адамдарды туып, әлсіз адамдар қилы заманды тудыратыны бәрімізге мәлім. Қазақ елі Өзбек хандығынан көрген озбырлыққа шыдамай, бейбіт заман құрып, азат ел болуға ұмтылды және сондай елдің негізін қалап, туын тігіп кетті. Әрине, заман өткен сайын қилы да, бейбіт те замандар болды. Осындай замандардың бірі – Жоңғар шапқыншылығы еді. Азаттықты сақтап қалуға тырысқан Әбілқайыр Ресеймен қарым-қатынас құрды. Алайда бұл келісім қазақтың ығы-жығысын шығарып, нағыз озбырлыққа салатынын ешкім білмеді. Қаншама батырлар қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды көру үшін жандарын қиды. Кешегі Абылайдың немересі, соңғы ханымыз Кенесары да өз ғұмырын азаттық жолындағы күреске арнады. Тәуелсіз ел болу үшін білектің емес, ақылдың, саяси сананың ашық болуын қалаған Алаш қайраткерлеріміз де атылып жатты. Соғысты, аштықты көрген елдің тәуелсіз ел болуға деген үміттері де үзіле бастады. Бірақ сол кездегі жалынды жастардың рухының арқасында, өрімдей болып, қыршын кеткен қыздарымыз бен жігіттеріміздің тілектері қараңғыдан көз ашпаған халықтың жүрегіне үміт ұялатты. Міне, барлық қазақ сонау жылдар бойы аңсап, 1991 жылы қол жеткізген тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Азаттыққп қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап қалу да, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп кету де соншалықты қиын. Осы 30 жылда Қазақстанымыз өз басына жеке тәуелсіз ел болып, басқа мемлекеттерді өзінің тәуелсіздігін мойындатуда көптеген істер жүргізді. Кеңес Одағының құлап, қарамағында болған біраз мемлекеттер тәуелсіздігін алғанда тентіреп қалды. Әсіресе, саясат пен экономика жағы әлсіз болғанын барлығымызда білеміз. 15 шақты мемлекеттен тұрған үлкен Одақты тәуелсіздік беріп бөліп тастауы, үлкен резонансты туындатты. Әр мемлекет өзінің өнімін шығаруда басқа мемлекетпен түбегейлі байланыста екенін ұғынғаннан кейін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл проблеманы шешу үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы одағының негізін қалап, барлық Тәуелсіз мемлекеттердің аяққа тұруына деген септігін тигізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жұмыла құрылған азат елдердің тез аяққа тұруы да осыдан болса керек. Елбасымыз мұнымен ғана шектеліп қалмай, еліміздің конституциясын, ұлттық валютамыз бен рәміздеріміздің негізін қалады. Саясатта дамыған елдер қатарына кіруде көптеген жұмыстар жасады. Мысалы кешегі дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан- 2030 стратегиясынан бастап, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан -2050 сынды бағдарламаларды іске асырды. Осындай тәуелсіз дамыған ел бар екенін әлемге паш етуден, Экспо-2017 Болашақ энергиясын ұсынған бағдарлама да еліміздің тәуелсіздігін одан да мықты ете түсті. Алайда жаһанданудың да өзіндік теріс жақтарын білген Елбасымыз көптің бірі болып кетпей, қазақ деген атымыз бен құндылықтарымзды сақтап қалу үшін «Рухани жаңғыру» бағытын ұсынды. Осы бағыттың аясында көптеген іс-шаралар, тарихи фильмдер, кітап шығару мен оқудан жарыс сынды істер жүзеге асырылды. Одан бөлек қазіргі таңда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, саясат салаларынан бөлек мәдениетке, жіті, назар аударды. Біз Тұран Университетінде Тулекова Гулжан апайымызбен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық қарсаңында Түркістан қаламыз Түркі елінің Астанасы деңгейіне жетіп, Қожа Ахмет Иассауидың деңгейін талдай отыра, қазақ тәуелсіздікті сақтап қалуда әлі де көп жұмыстар істелу қажет екенін ұғындық. Алайда соңғы ханымыз Кенесарының бас сүйегі елге қайтарылмақ болса, қазақ еліміздің деңгейі көкке шықпақ. Осындай жақсы жаңалықтармен қарсы алып жатқан бұл мерейтойымыз Қазақ жұртының мәңгі есінде қалатыны айдан анық. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деген осы шығар.
Бектурова Фариза, Тұран Университетінің
«Журналистика» факультетінің 2-курс студенті.