Туған ыстық әрқашан
«Туған жер,туған ел,туған туыс »сөзінің өзі адамға үлкен жылу сыйлайды.
Туған сөзімен байланысты тіркестердің барлығы жанымызға жақын естілері
сөзсіз.Оныңда өз себебі бар.Бізді тоғыз ай,тоғыз күн көтеріп дүниеге әкелген
жан- туған анамыз,қамқоршымыз,қорғанымыз -туған әкеміз.Өмір бойы
жақсылықты да ,жамандықты да бірге көріп,бір анадан туып бірге өскен
жандар- туған туыстарымыз,туған бауырларымыз.Ал біз дүниеге келіп
көзімізді ашқан сәттен бастап-ақ көріп ,таза ауасы тамырымызға сіңіп
,желінде жарысып ойнаған,бауырын бойлаған жеріміз- туған жеріміз.Осыдан
–ақ туған сөзімен байланысқан әр тіркестің біздің өміріміздегі ойып тұрып
алар орнын,бағасын біле аламыз.Менің сол бір жүрек тербетер тіркестердің
ішінен «туған жер» тіркесін ерекше атап өткім келеді. Осы бір қасиетті сөздің
қадір,қасиеті айтпасақта бәрімізге аян.Оның бізге қандай қымбат
екендігін,қандай ыстық екендігін жиі айтпасақта іштей сеземіз.Арманға
беріліп,замана ағынына еріп ел асып,жер асып кетсекте айналғанда келер
жеріміз -осы туған жеріміз.Туған жерімізден асып ешқайда кете
алмаймыз.''Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас ''дегендей
өзміздің қандастарымыздың,еліміздің,тіліміз бен дініміздің тұғыры тірелген
жер бізге қалайша ыстық болмасын.Мұның дәлелдеуге мысалды алыстан
іздемеймін.Себебі,менің өзім өзімнің туған жерімнен бір елі аттап шықсам
жүрегімде қорқыныш,жалғыздық сезімі ұялап,қазірге дейінгі өмірімде
көрмегеннің барлығын танып,көріп ,бақытты күндерге санап өткізген өзге
елдегі бір айым ,туған жерімде туған елімде арқамды кеңге салып,туған
тілімде сайрап,бауырларыммен өткізген бір күніме де татымайды.Сол өзге
елге кеткендегі түсініксіз алабұртқан сезімді біз, туған жерімізге арналған
махаббат сезімінің бірден-бір бөлігі деп ойлай қомайтынымыз рас.Алайда
“Адамға талай жерді көрген артық,
Танысып әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып тұрсаңдағы,
Болмайды туып-өскен жерден артық”-деп Шал Күлекеұлы атамыз айтқандай
көп ұзамай-ақ өзге тілді,өзге дінді,өзгенің жеріне жеткеннен-ақ сол сезімнің
туған жерге деген ыстық махаббат екендігі біліне бастайды.Адам жүрегі
әлсін -әлсін соғып жан-жағынан бұрынғы жылулықты,өзі туған
жерді,туғаннан бергі жұтып өскен таза ауаны аңсайды.Бұл-туған жердің
ыстық екендігінің,оның бізге қаншалықты қымбат екендігін дәлдейтін
,мойындадатын туған жеріміздің алпауыт құдіретінің бір бөлігі.Осы “туған
жер”сөзін қанша көркемдеп суреттесекте,қаншама тілдің бай сөздік қорымен
өрнектесекте толықтай айтып,жазып жеткізе алмаймыз.Қазіргі күнге дейін әр
сөзінен бал тамған сөзшең шешендер,көмейінде бұл-бұлдар ұя салған күміс-
көмей әншілер,жасушы,ақын, күйшілер осы бір тақырыпта талай талай
жырлап жазған,шырқап салған қаншама әңгіме-жырлар,әнмен- күйлер бір-
бірінен асып түседі,Әр қайсысы өзінше туған жер
қымбаттылығын,ыстықтығын ,туған жерге деген сағыныштың қандай
боларын біріннен-бірі асыра сиппатттап,жүрегінен шыққан жүрекжарды
сезімдерін өлеңмен білдіріп жазған,жырлаған. Бірі
Сағындым бұлттар көшкен аспаныңды,
Шайқалған самаламен жас талыңды.
Қайдасың, қол бұлғаған биіктерім,
Жосылған көз ұшында киіктерім? –деп Өтеген Нұрмағамбетов атамыз
секілді сағыныш білдірсе,бірі Қадір Мырза Әлиев атамыздай
Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!-деп туған жеріне деген махаббаттарын
білдіре жазған.Солармен қатар өмірінің соңына дейін туған жеріне бір
баруды армандап, өмірінің соңында туған жеріне жетіп армансыз көз
жұмғандар немесе жете алмай арманда кеткен жандар туралы оқиғаларда
жетерлік.Олардың барлығында да өзге елдің өз еліңдей болмастығы,тіпті
кейде туған жерге деген махаббаттың ыстық болатындығы сонша өле-
өлгенше туған жердің ауасын жұтып,бір уыс топырағын қолыңа алып
иіскеудің өзі адам үшін үлкен арман болады. Бұл туған жерге деген алпауыт
сезімдерін көркем сөзбен ғана көмкермей,ісімен дәлелдеп ,күні-түні
жаңбырдай жауған оқ астында тайсалмай кеуде тосып,қолынан бір сәткеде
наййзасы мен шоқпары түспей ,жері үшін,елі үшін жан аямай күресіп
қыршынынан қиылған батырларымызда аз емес.Олар жерінің жарты бөлігін
жауға бергенннен көрі жандарын бергенді артық санап,өздерінің
елінің,жерінің адал перзенті екенін көрсеткенді.Сонымен қатар ел мен туған
жердінде жүріп, жеңіске тілектес болған қаламгерлер де, майданда қан кешіп
жүріп туған жерін , халқын жырлаған ақындар да болды.Солардың бірі
жасушы Ғабир Мүсірепов.Ол қазақ әдебиетіннің проза саласында алғаш рет
екінші дүниежүзілік соғыс туралы өзінің алғаш романын жазды.Бұл роман
«Қазақ солдаты» немесе «қазақ батыры» деп аталды.Романда Ғабит атамыз өз
шеберлігінің арқасында бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.
Сонымен қатар романда жауынгерлердің өшпес ерлігін, еліне, жеріне деген
патриоттық сезімін сипаттай отыра ,тұңғыш әр түрлі ұлт халықтарының
бауырмалдығын,достығын баяндайды.Осындай жазушымыздың тағы бір
бірегейі ол Қасым Аманжолов. Қасым 1941-1945 жылдары Ұлы Отан
соғысына қатысып, басқыншы жауға қарсы қолындағы қарумен де,
қаламымен де белсене күресті. Соғысқа дәл аттанар алдында ақын «Мазасыз
музыка», «Армиясы Лениннің», «Бейсекештің бес ұлы», «Қоштасу» сияқты
патриоттық өлеңдерін жазды. Ел қорғаушы солдат болып қызмет атқарған
Қасым майдан, жорық жолының қиын-қыстау күрестерін басынан кешірді.
Сол соғыс майданында жүріп Қасым Аманжолов атамыз біршама өлең
жазды. Олардың ішіндегі«Қанқұйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр»,
«Үстімде сұр шинелім», «Май майданында», «Подполковник Алпинге»,
«Мартбек», «Жеңіс даусы», «Сен фашистсің, мен қазақпын», «Қызғалдақ»
сияқты өлеңдері соғыс өмірін суреттеп,бейнелеуге арналса; «Байқал»,
«Орал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Сибирь» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-
сипатын, сұлулық бейнесін суреттеуге арналады. Ал, «Достар, қайда
жүрсіңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбитке», «Есмағамбетке», «Қақпанға»,
«Еркін ініме», «Ағайға» сияқты лирикалары туған елді, дос-жарандарын,
ағайын-туыстарын сағынған қатардағы солдаттың жандүниесін жырлауға
арналған еді. Бұл өлеңдерінің көбінде Қасым кеңес адамдарының зұлым
жауға деген ыза-кегін, туған жерге, Отанға, досқа деген жалынды
махаббатын суреттейді.
Туған жерге арнап біреулер ән-жыр жазған,біреулер қан төгіп-жан
берген.Әйтеуір қайсысы-болмасын туған жердің ыстық екендігін,баға жетпес
жаннан артық асылымыз екендігін негізге тартып туған жерлерінің
пезенттері ретінде өз парыздарын барынша орындаған.Бізде туған
жеріміздің,туасала алғаш кіндік қанымыз тамған жердің бір уыс
топырағыннан бастап онда мекен ететін әрбір қандас бауырымызды сыйлай
отыра,туған жеріміздің алдымыздағы адал перзенттік міндетімзді орындауға
тиіспіз.Ата-бабаларымыздың арқасында найза ұстап жаудан жер
қорғайтындай жеріміз тәуелсіз.Сондықтан ең аз дегенде қолымызға бір күрек
алып бір тал ексекте туған жеріміздің өсіп көркендеуіне үлес қосуымыз
қажет.Қандай жағдай болмасын,ел басына қандай күн тумасын
бауырында,құшағында өскен –туған, жер анамыздың біз үшін әр бөлігі
қымбат,әр тасы асыл,ауасы таза .Сонымен қатар кез-келген сәтте бойынды
еріксіз бійлеп кетер ерекше ыстық махаббатқа себеп болар қасиетті ұғым
екендігінеде көзіміз жетті.Осы бір киелі ұғымның мен үшін қымбаттылығын
арттыра түсетіндігінің тағы бір себебі мұнда тек қана мен емес менің арғы
–аталарым,ата-анам,мен білетін қаншама қандастарым дүниеге
келген.Сондықтан ба әйтеуір мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы
деген нәрсемен пара-пар.Сезімдердің ұлысының ұлысы да осы туған жерге
арналады..Қанша көркемдесемде,әсерлесемде туған жерге,яғни туған жеріме
деген жан толғанысын айтып тауыса алмаспын,сірә.Осылайша қасиетін
сөзбен жеткізе алмай жатқан менің туған жерім-қасиетті жер Қазақстан.Бұл
жерді мекен ететін,менің қандас бауырларым қазақ елі.Мен арман қуып қай
жерге бармаймын,қайда жүрмейін мен үшін өзім туған жерден қымбат нәрсе
жоқ.Маған тәңірім осындай қасиетті қазақ жерінің перзенті болуды жазғаны
үшін мен шексіз бақытттымын.Туған жеріме деген ой толғанысымды Расул
Ғамзатов атамыздың«Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.»өлеңімен жеткізгім келеді.Менің Туған
жеріме ,Туған тіліме,Туған еліме деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін
осындай болмақ.Қайда болмайық,қандай болмайық туған-ыстық әрқашан.
P.S Авторлық эссе.Авторлық құқықты сақтаңыз!!!