"Торғай" газеті және Ә.Балғынбаев.

"Торғай" газеті және Ә.Балғынбаев.
жеке
блог

Көрнекті ақын Ғафу Қайырбеков : "Торғай қазақтың ленинграды" деп айтқан екен. Ақын бұл сздерді тегін айтпаса керек.Қазақ даласының тағылым биік жерлерінің бірі осы Торғай даласы.Торғай облысының құрылымына 4 уезд, 28  болыс кірген. Сонымен қатар Орныборда облыстық басқарманың газет столы құрылған.Осыған қосымша ретінде 1895 жылдан бастап "Тургайская газета" деген атпен 15 жылдай ресми емес бөлім шығарылып келген.Тарихы терең бұл газет беттерінде Ы.Алтынсарин,Ш. Уалиханов сынды тұлғалардың еңбектері жарияланған.Көптеген материалдар араб және қазақ әріптерімен жиі қазақ тілінде жарияланып отырған.Өткенге көз жүгіртсек қазақ тіліндегі мақалаларды жариялау осы "Торғай" газетінен бастау алаған деседі. Бұл газет шығарылымдарында әтүрлі сыни мақалалар, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері басылып отырған.

Торғай облыстық газетінің бассшысының қызметін Ә.Балғынбаев атқарған. Басшылық қызметінен бөлек, Балғынбаев газет беттерінде өзінің де мақалаларын жариялап отырған. Оныммен қоса ол орыс тіліндегі материялдарды қазақ тіліне аударған. Әбдіғали Балғынбаевтың публицистикалық қызметі 1895 жылы "Торғай" газетінің  45 нөміріндегі «Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан басталған еді."Торғай" газеті көпшілікке пайдалы материалдарды қазақ тілінде жариялап отырды. Әсіресе сол кезде ел арасында таралған эпидемияға байлансты мағұлматтарды жариялап, елге таратып отырған.Бұл газеттегі қызметінен бөлек Балғынбаев "Торғай облыстық ведосмотарының" редакторы қызметін атқарды. Ол көбінесе өлкентанушылық  және этнографиялық мақалалар жариялады. Ә.Балғынбаев туралы дерек аз, десе де біраз мағұлматты Қазақ Кеңес энциклопедиясынан ала аламыз.Бұл энциклопедияда  оның журналистік қызметіне қатысты бір-ақ сөйлем жазылған: “Торғай облыстық ведомостволары” газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды. Революциялық қозғалыс жылдарында “Торғай газеті” прогресшіл бағыт ұстады. Революция қарсаңында бұл газеттің бетінде қазақ еңбекшілерінің екі жақты езгіге – “өз” байларының және патша самодержавиесінің езгісіне түсіп отырғанын сипаттайтын материалдар жарияланды.

 

                                                                                                Инжибекова Меруерт Унгаровна