Төлеген Қажыбаевтың «Қан кешу» повесіндегі ашаршылық

Ашаршылық-қазақ тарихында аса бір ауыр із қалдырған оқиға. Осы ашаршылықтың кесірінен талай қазақ өмірден өтті. Халық саны күрт азайды. Осындай зұлматты кезеңді сипаттайтын бірнеше әдеби кітаптар жазылған болатын. Солардың бірі, Солтүстік Қазақстандағы ашаршылықты сипаттайтын Төлеген Қажыбаевтың «Қан кешу» повесі.

Ашаршылық жайлы шынайы, жантүршігерлік оқиғалар осы повестте көрініс табады. Сол қанды жылдардағы жайттар Жастілек деген кейіпкердің басынан өткендерімен сипатталады. Төлеген Қажыбайдың шындықты жазу тұрғысынан құрастырғанда халқымыздың басынан өткен ұлы нәубеттер – 1932-1933 жылдардағы аштық, 1937 жылғы сталиндік қуғын-сүргін бас кейіпкері Жастілек Бекеновтың өмір зұлматтары арқылы шынайы көрініс тапқан. Сондықтан да повесть «Қан кешу» деп аталады.

Повестте Жастілектің айналасында, отбасында болып жатқан оқиғалар арқылы сол кезеңнің ауыр көрінісі бейнеленеді. Басты кейіпкер азық табу үшін әкесімен бірге Краснояр өлкесіне барады. Ол жерде әкесі өмірден өтеді. Кейін өз туған жеріне оралған кезде де, отбасы ауыр жағдайда қаза болғанын көреді. Осының бәрі әрине де, Жастілекке әсер етеді. Бірақ ол өзін қолға алып, елге көмектесе бастайды.

«Қан кешу» повесі шынайы оқиғаларды суреттейді. Балалар ашаршылық оқиғасын тек тарих сабағында ғана емес, осындай әдеби кітаптарды да оқу арқылы біле алады.



Бөлісу: