"Тілшілердің мәндеті һәм мәнісі туралы"

Қошке КЕМЕҢГЕРҰЛЫНЫҢ «Тілшілердің мәндеті һәм мәнісі туралы" атты мақаласына талдау. Бұл мақала өз заманында Ташкент қаласында шығып жүрген «Ақ жол» газетінің 1925 жылы 15 сәуірдегі санында басылып шығарылған екен. Газеттің ең маңызды мағлұмат беретін тұсы- тілшілердің бойында қандай қасиеттердің болу керектігі жайында сыр шертетіндігі дер едім һәм журналистердің бойында болуы керек рухани құндылықтар. Мақаланың өзектілігі және проблемалық астары қандай екен? Түйіткілді мәселенің төркіні тілшілердің ел қалай тіршілік етсе, соған қарай бейімделіп, олардың мұңын мұңдасып, жоғын жоқтасып, халықтың  көкейтесті шағымдарын билік назарына ұсына білу. Автор пікірінше халықтың назарын сол мәселе арқылы қаратып, қаншама тағдырлас жандарға септігін тигізу ең басты міндет. Ол проблемалардың өзі қарапайым ғана дүниеден де тұруы мүмкін. Мысалы, ауылдың қазіргі таңдағы ахуалының өзі біраз ақсап тұр! Осыны да тілші өз қарамағына алып, барынша халықпен бірге өмір сүре білуі тиіс! Және осы орайда да мақалада бірнеше мысалдар келтірілген екен.

Сөз соңын қорытындылай кетсем, баспасөз адамы, яғни тілші, халқын бар жанымен сүйе білетін азамат болуы шарт! Тілшінің халқымен арасындағы үзілмес қарым-қатынасты оның баспасөзге жазған сөздерінен-ақ көруімізге болатыны сөзсіз. Ал болашақтағы біздің тәжірибеге бейім тілшілердің жас буын азаматтары осындай ұлы тұлғалардың сара жолына, дана пікіріне құлақ салып, халық мүддесі үшін игі істер атқаруда еш тайсалмайтынына сенемін! Ол жас буынның қатарында мен де бармын! Алла қаласа мен де елімнің пайдасы үшін қолымнан келгенді жасайтыныма бек сенімдімін!



Бөлісу: