Тілін білмеген, түбін білмейді
Тіл құдіреті шексіз. Баяғы заманда шешен, билеріміз дауды өзінің шешендігімен, шеберлігімен, соғыспай, дауласпай шеше білген. Өмірде әртүрлі тілдер яғни әртүрлі өзге ұлттар өмір сүреді. Тіл құдіреті арқылы адамды жылатуға да, күлдіруге де болады. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген мақал бар. Яғни, сенің досың ащы болса да шындықты айтады. Негізгі, өмірге келген әр адам ана тілін еркін сөйлеу керек, Ғ.Мүсірепов айтқандай «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді». Сондықтан, ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген –түбін білмейді» деген. Тіл- ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрппаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан әр ұлттың тілі бар. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін білмесе, бұдан асқан қасірет бар ма? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтау керек. Радио теледидар, интернет желісінен үздіксіз беріліп отырған ақпараттар арқылы біз Үндістандықтардың ағылшынша, Бразилиялықтардың португал, Аргентиналықтардың испан тілінде сөйлейтіні бізге мәлім екені белгілі. Себебі, аталған тілдердің Үндістан, Бразилия мен Аргентина елдерінің әдеби тілі болып табылады. Бір қиыны,бұл елдер өз тілінде еркін сөйлей алмайды. Сондықтанда біз ана тілімізді мақтан тұтып, өз жерімізде, өз тілімізде еркін сөйлей алатынымызға шүкіршілік етуіміз керек.
Қазіргі кезде қазақ тілі шынымен ұмытылып бара жатқан жоқ па? Сол мәселе мені қатты алаңдатады. Шынымен де өз жерімізде тұрып алып, қазақ тілін сөйлемеу ұятпа, әлде қазақ тілін менсінбеушілікпе? сол сауал мени қатты толғандырады. Жоғарыда атап кеткендей қаншама ел,өз тілінде сөйлегісі келеді. бірақта сөйлеуге қорқама, қалай айтсақ екен. Мысалы, Үндістанда сіз жұмысқа тұру үшін міндетті түрде ағылшын тілін жетік білуініз керек екен. Қазіргі кезде біздің заманда орыс т және ағылшын тілі өте қажет. Сондықтан да біз еркін менгреруіміз керек. Жоқ, ана тіліндеде сөйлемеуіміз керек деген мағынада емес. Яғни,сіздің қызығушылығыныз дейін бе ,әлде ынтаныз дейінбе Ол сізге байланысты. Айтайын дегеним 3 тілді қатар меңгеруге де болады. Ол сіздің өз еркінізде. Қорытындылай келе, біз ана тілінде еркін сөйлеп, өзімізден кішілерге үлгі болуымыз керек.