Тіл - ұлт болашағы

Тіл - ұлт болашағы

Тіл -ұлттың діңгегі,тілсіз-ұлт ұлт емес.Сонау заманнан бері келе жатқан тілдер аз .Тіл-жоғалса ұлт жоғалады.Қазақ халқы тіл мәртебесін алғалы біраз жыл болды.16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.Тәуелсіздік алу арқылы қазақ ұлт болып,мемлекет болып қалыптысты.Тіл мәртебесін көтеру жолында талай алаш қайраткерлері өз үлестерін қосқан болатын.Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер-деп Мұхтар Шаханов өлеңімен жеткізді ,қиын қыстау кезде қазақтың ұлт болып өсіп -өркендеуінде бұл кісілер көп еңбек сіңірді.Заман ағымы дейміз ,неге бәріне заман кінәлі?Өз ана тілін білмейтіндер,бірақ басқа тілде нақты,әрі таза сөйлейтіндер туралы не ойлаймыз? Осындай шешімі жоқ сұрақтар өте көп.Ал шешімі қандай?Мінекей ,жауап беру қиын.Тіл арқылы оның қандай ұлт екенін көреміз.Егер адам тілдерді араластырып сөйлесе ,тілдің мәні мағынасы жоғалады ғой.Қадыр Мырза Әли:
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..деп өлең шумақтарымен ойын нақты айтқан.Ең алдымен адам өзінің ана тілін білсе ,құрметтесе ,сыйласа одан асқан бақыт жоқ.Басқа тілдерді де үйрену керек,адам әрдайым өзін дамытып отыру керек бұл дұрыс.Дегенмен орыс тілі мен қазақ тілін араластырып сөйлеу тілдің маңыздылығын бұзады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақ Ұлттық Университетінің 2-курс студенті:Сейдалы Тоқжан
Жетекшісі: Аға оқытушы- Н.Б. Рушанова



Бөлісу: