Теңдесі жоқ Ұлы жеңіс
блог
Ұлы жеңіс күні! 9 мамыр! Бұл күн өте маңызды және салтанатты күн. Ұлы Жеңіс күні-бұл Ұлы мереке. Бұл айтулы күн-Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған мереке. Әлемді «бұрын» және «кейін» деп бөлген жойқын соғыстан бері көптеген жылдар өтті.
Сонда да бұл соғыс мәңгілік ел есінде.1941 жылдың 22 маусымында осы соғыс басталған күн еді. Осы күні басталып, үздіксіз 5 жылға созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы азаматтарымен қатар қазақтар да қатысты. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еріктерімен қосыла бастады. Ата-баба аңсаған ұлы мұрат жолында еліміздің талай саңлақ батырлары мен ақылды ерлері жантәсіл болды. Әрбір орыс, шешен, армян, белорус, украин, молдован және қазақтың отбасында туыстарының бірі ұрыс даласында қайтыс болды, концлагерьлерде фашисттер азапталды, аштықтан және басқа азаптардан қайтыс болды. Сондықтан, бұл ұлы күнде әр адамның жүрегінде қайғыға орын бар. Ең үлкен қуаныш «Жеңіс» атауы ардагерлердің және олардың көптеген ұрпақтарының жүректерінде. Өз ұрпағының бейбіт заманда өмір сүруін қалаған солдаттарымыздың, отан үшін жас өмірлерін қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары xақ. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,–деп текке айтпаған іспетті. Ұлы қазақ даламыз аштықты да, жоқтықты да, небір сұрапыл дүниені де көрді, бірақ өмірге деген құштарлық пен азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Кешегі Абылай,Тәуке хандарымыз, одан бері Бауыржан, Әлия, Қайрат сынды батырларымыз аңсаған тәуелсіздікке 29 жыл толмақ. 29 жылда жеткен жетістіктеріміз бізді дамушы елдердің алдыңғы қатарына шығарды. Қазіргі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда еліміздің өркендеуі қарқынды түрде жүріп жатыр.
"Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!-деген ұранды ту қып ұстаған майдангер азаматтарымыздың зор ерліктері ел жадында. Осы батырларымыздың арасында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы, зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин, қазақтың қаһарман қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырларымыздың есімдері ұлықталып, Кеңес Одағы батыры атағын алуға көп еңбек сіңірген. Бұл батырларымыздың асқан ерліктері мен табандылығы қазақ ағартушы, ақындарымыздың жырлары мен әңгімелерінде ерекше суреттеледі. Бұл көркем шығармалардағы тырнақ алды туындылар мен жеке жинақтар жас ұрпақтың тәрбиесінде де ерекше орын алады. Сонымен қатар балалардың патриотизимге, шыншылдыққа, олардың тариxқа үңіле отырып болашаққа сенімін арттыруға үйретеді.
Бабалар аңсаған бейбіт ғұмырды біз бағалай білуіміз керек. Қазақ арасында ІІ дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен батырлар жетерлік. Білектесіп, иық тірескен ержүрек кешегі жігіттердің арқасында бүгін біз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Рахмет сіздерге абзал жанды ардагер қариялар! Әрине, қазіргі кезде емін-еркін өмір сүріп жатқанымыз біздің ата-бабалармыздың ерен еңбегінің нәтижесі екенін барлығымыз білеміз. Бірақ, білетұрғанда да бұл сөздерді бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді. Бұл сөздердің бірден-бір себебі қазіргі жастардың көп нәрсенің қадірін білмеуінде.Әрине,көпке топырақ шашпаймыз,дегенменде кейбір жастар өзі туып өскен жердің ана тілін ұмытып, өз руxаниятын жоғалтуда. Ана тілі-қай уақытта да қастерлі, құдіретті ұғым. Біз өз еліміздің дамуына үлес қосушы ретінде адами тұрғыда алдымен өзімізді сыйлап, туған тілімізді қадір тұтып, мақтан ете білуіміз қажет. Қазақстан мемлекет болып қалыптасуы үшін ана тілінің рөлі басым болуы шарт. Ана тілінен бөлек басқа да мәселелер жетерлік. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы тыныштық, ұлттық экономика, зайырлы мемлекет болғандықтан түрлі этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, конституцияны қадірлеп сақтау және тағы басқа мәселелер мемлекет дамуы мен саяси үлкен аренаға шығуына септігін тигізеді.
Кемел ойы мен үлкен күш жігерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, өз еліміздің дамуына үлес қоса білсек мемлекетіміз одан да шарықтап, дербес әрі дамыған 30 елдің қатарына кіреді деген нық сенімдемін. Бұл шақта өз басым мамандықты дұрыс таңдап, сол маман иесі ретінде сапалы білімге қол жеткізіп және осы білімімді мемлекет дамуы аясына үлес қосу.Әйгілі алаш ардақтысы М.Дулатов атамыз айтпақшы "Қай елдің баспасөзі мықты болса,сол елдің болашағы мықты". Болашақ журналист ретінде менің міндетім ақпарат құралдарын дұрыс пайдалана отырып,бұқараға бұрмалаусыз шынайы ақпарат жеткізу.Әрине барлығы болашақтың еншісінде. Әр адам армандай білсе, сол арманға мақсат қойып, әрекет жасай білсе мемлекетіміз түрлі салада жетістікке жетіп жан-жақты дамитыны сөзсіз. Туған еліміздің суын ішіп, топырағын басып жүрген соң оның дамуына үлес қосу әрбір азаматтың мойнында. Еліміздің гүлденіп, мемлекетіміздің қуаты артып, xалқымыздың денсаулығы мықты болып, бақытты өмір сүргенін бәріміз де көргіміз келеді. Бұл бүкіл қазақ елінің арманы емес пе!..
Кешегі тариxын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз.