Техника философиясы

Техника философиясы
жеке
блог

Адам баласынының Адам ата мен Хауа анадан бастап, осы кезеңге дейін өміріне мән беріп қарайтын болсақ, түрлі бейнеттен, қара жұмыстан тұратын түрлі істерді атқарған болатын. Адам күшінің көмегімен Ұлы Қытай қорғаны, Египеттегі алып пирамидалар, ежелгі қалалар болсын, барлығы дерлік адам күшінің көмегімен салынып отырған және сол Ұлы құрылыстар кезінде мыңдаған адамдар ауыр жұмыстан, техникалық қауіпсіздіктер сақталмағаннан қаза тауып отырған. Тіпті, құрылысшылардың денелері соғылып жатқан ғимараттың бір бөлшегі, кіршісі секілді қаланып кете берген. Осы оқиғалардың орын алғаны жайында біз Ұлы құрлыстардың қабырғаларынан шығып тұрған адам сүйектерінің көмегімен біле аламыз.

Өткен заманды сөз еткеніміздің себебіміз бар, өйткені техника жайында сөз қозғамас бұрын алдымен оның тарихына, пайда болуына, даму барысына және қазіргі шақтағы техниканың жайын айтпақ жөн. Сол сәтте ғана толықтылық болары сөзсіз. Техника философиясының мәні ашылмақ жол,  барынша айшық әрі анық мысалдармен болмақ. Құрлыс мәселесін сөз еткенімізге байланысты қазіргі шақтағы техника адам өмірінің қауіпсіздігі мен ауыр жұмыстың әсерінен қаза тауып, түрлі жарақат, ауру атауынан сақтанудың бір кепіліндей. Сондықтан тениканың дамуы, оның өркендеуі адам баласының өмірін сақтап қалуға байланысты болғандықтан, өсуін тоқтатпады әрі жалғасын тапты. Ол дегеніміз табиғаттың түрлі қырларын меңгерген ақыл иесі сол сырларды өзінің пайдасына асырып, бұлъ арқылы өмірін біршама жеңілдетуге жол ашу екен.       Сонымен, Техника философиясы – бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіріп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарынң бірі. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауы И.Бекманның есімен және 1777 жылы басылып шыққан оның «Технология бойынша жетекшілік, немесе  қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану» деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Алайда көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э. Капптың «Техника философиясының негізгі белгілері» деп аталатын жұмысы болып саналады.

Техника философиясы адам коммуникациясына елеулі әсер етіп, жердің саналы тұрғындарының бір-біріне деген қарып-қатынасты да түбегейлі өзгеріске ұшырауына зор ықпалын тигізді. Бұрынғы кезекте адамдар арасындағы ең тиімді сөйлесу жолы ол бірін-бірі көріп, көрісу арқылы ақпарат алмасу іске асса, кейінірек хат жіберу арқылы жүзеге асып отырған. Техника даму барысында телеграфтар, сымды телефондар одан кейін сымсыз телефондар да пайда болып, ақпарат алмасу процессінде үлкен төңкеріс жасады. Алайда мұнымен тоқтап қалмай ақпарат әлемінде ең елеулі фактор болған ғаламтор жүйесінің пайда болуы, осы арқылы аудио, видео, мәтіндік ақпараттарды кеңінен бөлісу жүзеге асып отырды.

Техниканың қарқынды даму үдерісі қоғамның әлеуметтік құрлымына да түрлі өзгерістер алып келді, біріншіден, еңбек өнімділігі жылдам түрде өсті, екіншіден, адамның күнделікті өмірі радикалды жолмен түрленді, үшіншіден, ақыл иесінің тылсым сезімдеріне де техниканың ықпалы елеулі болып тұр.

М.Хайдеггер де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Техника болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамның өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.

                                                                               Тохтаганова Таншолпан

                                                                               әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

                                                                               Данат ЖАНАТАЕВ

                                                                               әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент