Тегін тұсау кесем!!!
жеке
блог
блог
Жақында танысым баласының тұсауын танымал адамға кестіру үшін xабарласса Сабазың ақша сұрапты. Аз ақша емес. Оның ішіне баланың тұсауын кесу, 15 минут қонақтармен фотаға түсу кіреді екен.
Былайша ойласаң сәбидің өзінен ақша бопсалаумен бірдей ғой.
Ел алдындағы бірінші қадамын ақшамен бастаған бала тұсауын кесуге тиын сұраған адамдай болып кетпей ма?
Ертең жемқорлар, даусы жоқ әншілер, дүмше дәрігерлер қайдан шығады деп ренжиміз.
Сол үшін сәбидің тұсауын ниеті таза, жүрегі ақ адамдар кесу керек деп ойлаймын.