Театрдан алған әсерім
блог
Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі — театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі.
Қара шаңырақ Қазақтың «Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында» ұлы жазушы, белгілі суреткер Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романының желісімен қараша айының 27сі күні қойылым өтті. Қойылым бұрынғы жылдары да сахна төрінен көрінгені бәрімізге мәлім.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тарихта «Қарқара көтерілісі» деген атпен қалған болатын. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романында сол замандағы билік басындағылардың солақай саясатына, патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің наразылық әрекеттерін сомдады. Қойылымда көтерілістің тарихи түп-тамырын негізге алып, қарапайым халыққа жасалған қиянат суреттелді. Бұл «Қилы заман» қойылымында ұлттық рух пен тарихи жады кеңінен ширатылды.
Мен киелі шаңырақтан өзіме қажетте үлкен әсер алдым. Асқан шеберлікпен жазылған бұл роман киелі сахнада да шынайы болды. Мен қойылымды көріп отырып, киелі сахнада қандай қойылым болмасын әрбір көруші пенденің жүрегіне жету қиынның қиыны екенін аңғардым.
Қысқасы киелі сахнадан алған әсерімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені театьрға кіргеннен, өтетін қойылымына дейін адамға түрліше әсер сыйлайды.