Тәуелсіздік қайда қалды?

Тәуелсіздік қайда қалды?
жеке
блог

       Кейде бар күшіңді салып айқайласаңда, ешкімге даусың жетпейтіндей көрінеді. Әрине, жоғарғы жақтағы билік иелерін меңзеп тұрмын. Неге дейсіз ғой? 

       Біз, Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Егеменді ел болғанымызға, етек-жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға, еліміздің дербес мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне міне, биыл 24 жыл толады.

      Осы бір тарихи кезеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті емес пе?! Ендеше неге шырша іліп, жаңа жылды тойлауға асығып жатырмыз? Сонда тәуелсіздік күні қайда қалды? Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-жігер керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат қажет. Өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ұлт-азаттық көтеріліске шығып, тоталитарлық жүйенің темір құрсауын сетінеткен қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымыздан өшпек емес.

      Сондықтан, ең бірінші тәуелсіздік күнін қарсы алайық. Жаңа жылды тойлап та үлгереміз ғой) Біз осы тәуелсіздігіміздің арқасында егеменді ел болып отырмыз, жаңа жылдың емес! Жүректері қазақ деп соққан жастарымыз бұл сөзбен келіседі деп ойлаймын. Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!