Ия. Көшеде тас пен тал шыбығын жинап жүрген адамды көрсеңіз сырттай бітүрлі көрінер. Маған күннен еді. Бірақ, іштей әдемі бір дүние шығатынын сездім. Нақты қалай жасаймын, қалай шығады сол сәтте білмедім. Себебі, жасап бастаған сәтте неше түрлі идея келеді. Жасап жатқан кезде әр-түрлі ой келеді.
Бұрыннан қолмен әр-түрлі затты жасайтынмын. Бірақ, бұл жолғы мүлде бөлек. Қазір, жасаған дүниеме қарасам, іштей қуанамын. Мүмкін, біреуге ұнар, мүмкін жоқ. Ең бастысы өзімнің көңілімнен шықты. Екіншіден үйдің дизайны ерекше болды. Үшіншіден бұндай ешкімде жоқ. Қайталанбайды.
Төрт күн уақытым кетті. Ол соған тұрарлықтай болды. Бір нәрсе ойлап, жасағым келгенде ешкім маған кедергі жасамай, керісінше қолдау көрсетсе шабыт ашыла түседі. Ал, егер қарсылық білдірсе шабыт қайда, өзің қайда бәрі қалады. Ондай сәтте ештеңе жасағың келмейді.
ФМен еркіндікті қолдаймын. Ой еркіндігі мен сөз еркіндігі ең басты. Жеке дара тұлға болғандықтан әр адамның өзінің бір жеке дүниесі болуы керек. Өзіне ғана тиесілі. Сонда ғана жетістікке жетуге болады. Боламын, істеймін деген баланың бетінен қақпа дегендей, егер адам барлық жағынан еркін болса, ол міндетті түрде бір жетістікке жетеді. Болмайды деп кері тарта ол ешқашан ештеңеге қол жеткізбейді.
Мен үшін болмайды деген сөз жоқ. Барлық мәселе болсын, қандайда бір іс болсын, оның шешімі болады, болмаса амалы табылады. Ең бастысы бастаған істі соңына дейін жеткізу. Алға қойған мақсатқа қалайда жету. Оған қашан, қалай жету ол өзіңе байланысты.
Құрметті оқырман! Ел не дейді, не ойлайды дегеннен қорықпай ойыңызға алған істі қазір бастаңыз. Ел Сіз үшін өмір сүрмейді. Сіз өзіңіз үшін өмір сүресіз. Өмір бір ғана рет беріледі. Неге барлық мүмкіндікті көрмеске? Қазір көрмесеңіз ертең кеш болмасына кім кепіл?
Сіздің ойыңыз қалай, бөлісе отырыңыз?