Тарихы терең,түркі әлемінің астанасы Түркістан.

Түркістан тарихы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталса,қала болып іргетасы 5-6 ғасырда қаланып, мың бес жүз жылдық тарихы мен мәдениеті бар киелі өлке. «Түркістан екі дүние есігі ғой

Түркістан ер Түріктің бесігі ғой» деп жайдан жай айтылмаған. Түркістан тарих сырын қойнауына бүккен қала. Түркі халқының тарихын, мәдениетін, дінін, даналығын бүгінмен сабақтастырып байланыстырған рухани орталық, киелі қоныс, көне мекен.

Түркістан батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстырған, қытай, араб,парсы және батыс европа елдері көз тіккен Ұлы Жібек жолының бойындағы алпауыт шаһарлардың бірі болып келеді.

"Мединада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Маңғыстауда- Пір Бекет" деп айтылғандай Түркістанның символы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. 14 ғасырда Әмір Темір қолбасшы ең алдымен ислам дінін таратушылардың бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесін салдырған. Кесененің өте сапалы салынғандығы, қазіргі таңға дейін көптеген жерлері толық сақталғаны таң қалдырады.

Бұл өңірде қаншама хандарымыз бен билеріміз,батырларымыз бен әулие-әмбиелеріміз жатқан, жерленген киелі мекен. Түркістан Қазақ хандығының тұңғыш астанасы. Тарихымыздың түбірі осы жерде сақталған десекте қателеспейміз. 

Қазіргі таңда Түркістан облыс дәрежесіндегі қала. Туристер келу үшін қала өте ыңғайлы болып саналады. Жақын уақытта қалада 188 гектар ауқымды алатын Керуен сарайы салынған. Қаланың сақталған көне тарихи орындарын тамашалауға мыңдаған туристер жыл сайын келеді.



Бөлісу: