Тарихы терең «Торғай» газеті және еңбегі ерен Ә.Балғынбаев

Тарихы терең  «Торғай» газеті және еңбегі ерен Ә.Балғынбаев
жеке
блог

     Халыққа қызмет ету – әр газеттің асыл міндеті. Қазақ баспасөз тарихында орыс алфавитін икемдеп, таза қазақ тілінде материалдар жариялау бастау алатын – «Торғай» газеті.  Халыққа тың ақпараттары мен пайдалы мағлұмат бере отырып, халық көзін ашуға жұмыс жасаған «Торғай» газеті  тарих беттерінде өзіңдік маңызға ие.

    Ерекше атап көрсететін бір жайт революциялық қозғалыс жылдарында «Торғай» газеті прогресшіл бағыт ұстанды. Сонымен қатар, сол кездегі елдегі ахуалмен халықты хабардар ету, халық ауыз әдебиетін халыққа жеткізу, қоғамдық құбылысты сынайтын фельетондар, бәрі – бәрі  газет беттерінен табылып отырды. Сонымен қатар рухани құндылықты байытатын, мәдениетті дәріптейтін Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин сынды мақалалар жазылып отырды. Бұндай еңбектер «Торғай» газетінің баспасөз тарихындағы орнын айшықтап тұрғандай.

     Ә.Балғынбаевтың ерен еңбегі қандай? Ә.Балғынбаев педагог, орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушылардың бірі ретінде айтуға болады. “Торғай облыстық ведомостары” газетінің бір уақыттары редакторы болды  және  “Бесіктен бейітке дейін”, “Торғай уезінің ауыл мектептеріндегі оқу ісін қамқорлыққа алып, оның жұмысын жақсарту шаралары” деген туындылары адамның өмір бойы оқып-үйренуі жайында халыққа жақсы мағлұмат бере білді. Халыққа дұрыс жол көрсету, ағарту ісімен айналысқан бұл тұлғаның да есіме тарих беттерінде алтын әріптермен қалмақ.

       Қорытындылай келе, қысқаша бір шумақпен:

     Қазақ тілдің қадірін дәріптеген,

     Мағыналы әр сөзі әріптермен.

     Пайдалы ақпаратпен бөлісетін,

     Торғай атты басылым арихқа енген.

  Өз уақытында ел үшін қызмет еткен газет – өз қадірін ешқашан жоғалтпайды. Қазақ баспасөзіндегі «Торғай» газеті мен Ә.Балғынбаев есімі өзіңдік орнын тайға таңба басқандай қалдырды, және солай қала бермек.

                                                                                   Біржан Ролан