Тарихта қалған- 4 газет

Тарихта қалған- 4 газет
жеке
блог

Қазақ тілдің қадірін дәріптеген,

Мағыналы әр сөзі әріптермен.

Пайдалы ақпаратпен бөлісетін,

Торғай атты басылым тарихқа енген.

 


Екі тілмен шықты ортаға басылып,

Идеялық бағытты ойын асырып.

Қырғыз қазақ газеті жадымызда,

Әр шындықпен қала бермек асыл боп.

 


Арналған тың оқушыға қазақтың,

Аты да оның ерекшелеу ғажап тым.

Жас ұрпақ боп тарихымда осындай

Серкедейін газет барда азатпын.

 


Түскен қатты қахарына патшаның,

Мағлұматтар баяндаған қанша мың.

Біле білдік Орал басылымының

Басқарушы Ямашевтың ашқанын.

 


Айта берсең әрқайсында бір сыр бар,

Парақтасаң тарихында мұң шарлар.

Газеттердің киелілігі біз үшін,

Ағып жатқан бұлақтайын тылсымдар.