Тал шыбығы

Тал шыбығы
жеке
блог

Далаға серуенге бірінші дүкенге қайтар жолда ә тіке өскен тал шыбығын кездестірсем кесіп аламын деп, қайшы ала шықтым. 

Басында айналама қарадым, кім бар екен деп. Біртүрлі ұялғандай болдым. Ешкім жоқта кесейін дедім. Оған дейін қайсысы жарайды соны көзіммен белгілеп қарап жүрдім. Қарасам айналада адам азаяр емес. Сосын мен бір зат ұрлап жатқаным жоқ. Біреуге кесірім тиіп жатқан жоқ. Елдің не ойлайтынын не қыласың. Маған қазір керек аламын деп, керенімді кесіп алдым. Үйге келіп әр шыбықты тазалап, жылтыратып, жуып, жұмсартып, спираль етіп орап қойдым. Кепкен соң, шешкен кезде бұйра шаш ұқсап толқынданып шыға келді. Оны бояғанда одан да бетер әдемілене түсті. 

Тастыда жуып, кептіріп боядым, оны вазаға салып, боялған шыбықты вазаға жинаған сәтте керемет бір сезімде болдым. Өз-өзімді қанағаттандыра алатындай нәтиже шықты. Сол үшін көңілім жайдарланып, жасаған дүниемнен ләззат алдым. 

Құрметті оқырман, жасаған дүниеме баға беріңіздер. Сын айта отырыңыз. Қателік сын мен түзеледі