Тал бесікпен жер бесіктің арасы

Шыр етіп дүниеге келдің, бірақ көзіңді ашпай жатып не күтіп тұрғаның білмейсің! Мейірімді ананның қолынама,әлде керексіз сәби болып қоқыс,дәретханағама не жетім болыппа. Бәрі мүмкін,бұл көрініс қазіргі заманның ащы шындығы. Тал бесікпен жер бесіктің арасы, бұл өмір парағы,кітап тәріздес, барлығы бүге-шүгесіне дейін анық жазылған.Балалық шақта еркеледің, әкеннің мойнына міңдің,уайыммен де,уайымсызда өмір сүрдің. Бірақ,ата-ана, баласына алдағы өміріне керек тәрбиені бере алдыма.  Бозбала,бойжеткен болдың,бірақ барлығын ақылмен істе. Жастық шақтың,сезімнің  етегінде кетіп,біреудің обалына қалма. Сезім демекші,алғашқы махаббат барлығы бастан өтеді. Махаббат ұлы сезім,жеткізе алмайтын.  Есің кетіп,ғашық болып, тағдыр қосқан өмірлік сыңарына де кездесесің. Үйленіп, әке-ана болу,болашақ ұрпақ тәрбиесі, барлығы өмірдің өзгермес заңы. Бірақ қандай әке-ана боласың, мынау менің Әкем деп кеудесің кере,баласы мақтана айтардай ұлы тұлғама, әлде керісінше,балан ұялып,намыстанып көшеден ұйықтап жатқан жеріннең үйге әкелер алқашпа. Ер адам үйдің отағасы,үйге табыс әкелер,қорған болар,бағыт-бардар берер тұлға,бұны ұмытпағанымыз жөн. Балаларың өсіт,үйленді. Ұлды ұяға,қызды қыяға қондырып,ата-аналық парыздарынның бірің істедің.. Бірақта қарттық шақта ұзақ күткен қуанышпен қатар бір қорқыныш бар. Бұл:қолына немеренді жетектеп әкеп,  ұстатама, әлде  өзіңді жетектеп қарттар үйіне әкелеме. Бұның бәрі берген тәлім-тәрбиеге  байланысты. «Ұяда не көрсең.,ұшқанда соңы ілісің» деген  халық сөзі бар. Қарттық шақта,немеренмен мәумез болып ойнап, жер бесікке,мәңгілік ұйқыға ұлы тұлға болып кеткенге арман барма. Бүкіл өміріңде,халқына қызмет етіп,жақындарынның арасынаң табылмасан, өмірдің мәні неде,не пайда бұдан. «Жақсының аты,халымның хаты өлмейді» бұл сөзді санамызда сақтап, жақсы ұрпақ тәрбиелеп, таспен атқанды аспен атсақ өміріміз бекер кетпес.


Бөлісу: