Сіз Әдебиет Емес, Бала Табыңыз, Мадам!
блог
Аврора Дюпен есімді француз әйелі жастайынан жазушы болуды мақсат етіп, 1831 жылы Францияның провинциалды аймағынан Парижге келеді. Ел астанасында біршама уақыт тіршілік етіп, роман жазумен күн көрісін ақтай алмайтынын біледі.
Ол заманда Парижда әйел ауқатты азаматқа тұрмысқа шығу арқылы ғана өз жағдайын жақсарта алатын. Өзінің жазбаларын жергілікті баспахана редакторына көрсетеді. Баспа қызметкері роман жазғанша, бала туып, ұрпақ тәрбиесімен айналысуына кеңес береді.
Өз болмысыңды жаңғырт
Өз мақсатынан бас тартқысы келмеген француз әйелі киіну стилін өзгертіп, ер адамның образына толықтай енеді. Сөйтіп, Алғашқы романын (Индиана) Жорж Санд атымен жариялайды.
Аты мен даңқы бірден шығып, танымал тұлғалардың шақыртуымен әртүрлі кештердің құрметті қонағына айналады. Ер адамдар сияқты қалың сигара шегіп, араққа масайып жүруді ді келтіреді екен. ХІХ ғасырдағы шығармашылықпен айналысқан өнер адамдарымен қарым-қатынасын нығайтып, өзі жасаған образға сіңісіп кетеді.
Сол заманда Жюль Верннің романдары ел арасында сұранысқа ие бола бастаған кезде, оның оқырмандары жазушы туралы әртүрлі мифтер айтатын болған екен. Олар "Парижде бір топ ғалымдар жиналып, ғылыми-фантастикалық романдар жазады да, Жюль Верн лақаб атымен басып шығарады", деп ойлаған-мыс.
Расында, Жюль Верннің романдарынан география, тарих, физика, биология, астрономия, геология, климатология сынды ғылымдардан тамаша деректер келтіріледі. Қарапайым адамның ойынша, осынша ақпаратты қорытып, бір сюжет желісіне енгізу бір адамның қолынан келмейтін-ақ.