Сырға толы сұхбат!

Сырға толы сұхбат!
жеке
блог

Біздің университетімізде Әлихан Байменовпен кездеу кеші өтті. Кездесу кеші өте әсерлі эмоцияға толы қызықты өткен болатын.
Жалпы Әлихан Байменов деген кім? Қазақстанның мемлекет қайраткері, Астанадағы Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитет төрағасы нар тұлғалы елін жерін сүйген азаматтардың бірі. Ұлттық идеяны қозғап, халықты бір арнаға тоғыстыруды көздеді. Елінің болашағына алаңдап, өскелең ұрпаққа жол сілтеушілердің бірі десем қателеспеймін. Сұхбат барысында көптеген мәселелерді көтерді. Соның бірі ретінде біздің ұлы тұлғалардың әлі де аударылмаған ел білмейтін араб қаріпінде жазылған кітаптарына субсидиямен аударма жасау қажеттігін көтерді. Аударманы назарға алатын болсақ, онда білім сапасында көтереміз.Өзіміздің қазақ жазушыларының да бірталай еңбектерінен үлкен дүниелерді игеруге болады. Аударма- мемлекет арасына керемет байланыс орнатады. Ғылыми туындыларлы аудара отыра жаңаша өзгеріс әкелеміз деп атап кетті.
Келесі бір көтерген актуальды мәселеленің бірі қазақ тілінің қоғамдағы орны мен қаріпі жайлы атап кетті. Кирилицаға қазақ тіліне деген қамқорлық үшін өз өзгерісімізді енгізуіміз қажет. Менің ойымша жеке бренд сияқты қалыптастыра білгенде ғана қоғам оянып, қазақ тілінің деңгейі көтерілер.
Педагогтар мәселесін алдыға тартты. Қазіргі мұғалімдер мәртебесін көтеру керектігін, олардың қоғамдағы орынмен маңыздылығын ұғындырды. Егер біз өзара ақпараттық талдау жасай алсақ, яғни қоғамдағы мәселерді түп-тамырымен ұғынған сәтте ғана қоғамның хәл-ахуалын түсініп қарастыра аламыз.
Жастарға берер кеңесі салауатты өмір салтына бейім болу. Жаны таза адам ғана өзін таза ұстап жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренеді. Өз жұмысыңды адал атқару қажет, осы тұста қанатты сөзбен ой мазмұнын қорыта айтты Дж.Кеннади была деген екен “ күрек алып, жер қазсаңда, адал атқар”. Өз өмірінің еңбек жолынанда мысал келтіріп айтқан болатын. Шынымен былай алып қарасаң өтірік жасалған нәрсенің арты бәрібір де ашылады. “Темірқазық” телебағдарламасы кейінен кітап ретінде басылды.Барлық қоғамдағы көкейкесті мәселермен ұлт идеясын ашып көрсетеді. Темірқазық дегеніміз ғарыштағы өз орны бар жұлдыз атау бұл жерде метафра іспетті. Өйткені бұл метафра сияқты яғни саяси кеңістіктегі орны бар жұлдызымыз Әлихан Байменовтың қоғамдағы орнын байқаймыз.
Ең соңғы студенттердің бірі ол кісіге мынадай сұрақ қойып еді: Бүгінгі қазақ зиялысының портреті қандай?
Әлихан Байменов 3 мысал келтіріп қысқа ғана жауап берді. Бірақ осы қысқа жауаптың өзі үлкен ойдың, сол залда кеште болған жастардың өзгеруіне алып келетін жауаптың бірі болу қажет.
Ең біріншіден кәсібилік өз мамандығыңның маманы болып, соны ер көркендеуіне қоса алсаң бұл сенің кәбилігің. Өмірге деген көзқараспен дүниетанымыңды қалыптастыру. Ол үшін шетел асып салыстырмалы түрде қарай білу. Елдік идеяны қалыптастырып жаңашылдылық әкелу.
Ең бастысы халық санасын бодандықтан арылту.Халық санасын ояту, сонау Міржақып Дулатов оятып кеткен ұранымыз әлі де актуальды. Лауазым үшін емес, адалдық үшін еңбек етіп, қоғамға өз пайдасын тигізіп, ұлттық идеяны дамытуға ат салысу.
Өскелең жастар санасын рухани жаңғыртты. Шынымен үлгі алар, жастарға тағылымды тәрбие беретін кездесу кеші өтті. Расымен осы кездесу кешінен соң әрқайсымыз болсын көкейімізде: қоғамға тигізер үлесім қандай? деген сұрақ туындады. Жалпы Әлихан Байменов өте қарапайым жан екенін байқадық, жігітке жеті өнер аз дегендей әртүрлі аспаптарда ойнап өзінің сүйікті әндерімен құлақ құрышын қандырды. Таңғалдырудан жалықпайтын ақыл-санасы даралықпен даналыққа толы нар тұлға.