Сыпайылық туралы

Сыпайылық туралы
жеке
блог

Сыпайылық дегеніміз - əрқашан өз орныңды біліп,өзіңді жақсы ұстай білу,

жағыдайға қарай дұрыс бейімделе алу.

Осыған қатысты маңызды қасиеттер қандай?

Əрқашан өз кемшіліктеріңді біл жəне қателіктеріңді тез мойындауға тырыс.

Жағдайға қарай өзіңді елеусіз етіп те көрсете алатын бол.

Қажет кезде өзіңді басқаларға тыңдата да алатын бол.

Өзіңді көрсетуге,мақтанып сөйлеуге болмайды.Бұл үлкен қателік екенін ұмытпа.

Сыпайылықты жасықтықпен ешқашан шатыстырма.

Өз орныңды білу жуастық,жағымпаздық деп саналмайды. 

 

"Кімде кім өзін көрсетем десе,ол-  жарқыраушылық емес.

Ал өзін -өзі мақтаса ,ол- атақ дəрежелілік емес.

Өзін өзі көтермелесе -көзге ешқашан түседе, зор болада алмайды.

Ал біреуге тиісіп, өшіремін, басамын десе-  құрдымға кетіп,өз жолын өзі байлайды."