Бүгін байыз тауып бір орында отыра алмадым. Ақыры сыртқа шығуға бекіндім, оның өзінде жоспарымда 2.5 сағаттық жол жатыр. "Жеті қабатты ғимаратқа" тарттым. Жүріп келем, жолымда сыңар қанат сынық құс... қатты аядым , айналсоқтап қасынан кете алмадым. бейшара... әбден қалжыраған екен , әрине дала суық, қарны аш дегендей. Талпынғанын көрсеңіздер ғой сіздер оның , соңғы демі шыққанша бір самғап қалуға ұмтылғандай , бірақ қайдам... не істерімді білмей тек оның қимылына, ұмтылысына қарап тұрып қалғанымды біраз минуттардан кейін ғана аңғардым. Адамдар ағылып өтіп жатыр аяп қарап. Ақыры шешімін таптым. Бір танысымның арқасында "қорапқа салып" алып кеттім. Қуанғанымнан қорапқа сала салып жүгірдім. Әттең, ұшып кетті. Жо-жоқ ол емес, оның жаны ұшып кетіпті. Өмір жалған деген осы-ау . Кеше ғана қос қанатымен алып аспанды шарлаған ақ кептер бүгін жоқ. Түйін : Өлім келмей, өмірдің қадірін түсінейікші.